Көрме Дмитрий Шороховтың 70 жылдық мерейтойына арналған.
Павел Иванович Шорохов 1946 жылы Латвияда дүниеге келді. 1957 жылы Қазақстанға келді. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірді. 70-жылдардың ортасында Қазақстан мүсін өнерінің есігін ашты. Оның шығармашылығының диапазоны кең де сан қырлы – шағын формадан бастап монументалды жұмыстарға дейін бар.
1978 жылы Алматыда Павел Шороховтың «Балалық» атты саябаққа арналған жұмысы пайда болды. Ал екі жыл өткен соң С. Шәріповтің монументалды ескерткіші дүниеге келді. Келесі онжылдықта жұмыстары қаланы көріктендіруге ат салысты: «Ойнап жүрген балалар», «Қоқиқаз» и «Лотостар» (Алматы «Арбатында» - Жібек жолы), «Акробат қыз», «Қабыландар» және «Клоун» (цирк алдында), «Түйелер» («Қазақстан» қонақ үйінің скверінде) және тағы басқа көптеген жұмыстары бар. Осы уақытта Ғабдуллин, Сызғанов, Орманов, Мұстафин, Рудковский, Есенберлин және т.б. белгілі тұлғаларға портреттік мемориалдық тақталар топтамасы да жасалып шықты.
Дмитрий Шорохов 1976 жылы дүниеге келді. 1997 жылы әлФараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетінің бакалаврын, 1999 жылы магистратурасын үздік дипломға қорғап шықты. 2004 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың көркемсурет-графика факультетін бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2000 жылдан − әлФараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетінің доценті. 2002 жылы қыркүйекте кандидаттық диссертация қорғады. 2003 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. 20-дан астам қалалық және республикалық деңгейдегі көрмеге қатысты. 2004 жылы екі жеке көрмесін өткізді (галерея «Арт-Нават», А.Ф. «Казкоммерцбанк»). Көктөбедегі күзгі плэнерге қатысты (2005). Жұмыстары Қазақстан мен шет елдердегі жеке коллекцияларда сақтаулы.
Дмитрий Шорохов жарқын палитра суретшісі, қуанышты көңіл‐күй суретшісі. Суретшінің акварельдік және майлы бояу жұмыстары экспрессивті түстік гаммада орындалғандықтан, оларды қабылдауда ақылдан гөрі сезім басымдық алады. Дмитрий Шорохов жүрегімен қалай сезеді, солай жазады. Ол өздерінің табиғи жаратылысы жетілген керек-жарақтар, гүлдер, ағаштар, жемісжидектер, сулар мен таулар басты орын алатын біртұтас, негізгі, көп түсті әлемді жасайды.
Дмитрийдің саны көп пейзаждарында Қазақстанның кең байтақ табиғаты шетсіз‐шексіз даласы, заңғар таулары, тұнық сулы көлдері, ғажайып ормандары дәріптеледі. Дмитрий өз туындыларында алтын күз бен жасыл желек жамылған көктемнің, жайқалған жаздың шаттығын береді.
Басты сурет: ilovealmaty.kz