Анонс


Қызылордалық танымал тұлғалардың қолданған заттары музейге тапсырылады

Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2015 12:50
Қызылордалық танымал тұлғалардың қолданған заттары музейге тапсырылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2015 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясын өткізеді. 

Шараға Тұрмағамбет Ізтілеуов, Ыбырай Жақаев, Ұлбала Алтайбаева, Сәлима Жұмабекова, Зейнолла Шүкіров, Асқар Тоқмағамбетов, Дүкенбай Досжан, Батырхан Шүкенов сынды т.б ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жәдігерлерін Ұлттық музейге табыстайды.

Сондай-ақ, акция аясында сыр өңірінің тумалары, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев пен даңқты спортшымыз Илья Ильиннің жеке заттарымен қоса, жергілікті суретші, мүсіншілердің де туындылары музейге тарту етілмек

2933 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper