«Түрікмен суретшілерінің әлемі» көрмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Елшілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр.
Көрмеге түрікмен суретшілерінің 40-тан астам кескіндеме және декоративті-қолданбалы өнер туындылары қойылады.
Түрікмен өнерінің ұлттық ерекшелігі Ч. Амангелдиевтің, Я. Байрамовтың, К. Оразнепесовтың, А. Одаевтың, Г. Бабиковтың, К. Сейитмұхаммедовтың және Е. Адамованың туындыларында тұнып тұр. Бұл шеберлердің картиналары олардың өздері жасаған көркем әлеміндегі жеке күйзелістері, күйбің тіршілікті бейнелі қабылдауысындылирикалық сарындарға толы.
Көрме 23 қыркүйек күні ашылып, бір ай бойы Астана тұрғындары мен қала қонақтарына ұсынылады.