Анонс


Өскемендік шебер Ольга Оленберг жеке көрмесіне шақырады

Жұма, 18 Қыркүйек 2015 11:40
Өскемендік шебер Ольга Оленберг жеке көрмесіне шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан өнер музейінде өскемендік сәндік-қолданбалы өнер шебері Ольга Оленбергтің жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Ольга Кузьминична Өскемендегі № 13 мамандандырылған кәсіптік-техникалық училищені «Сырт киім шебері» мамандығы бойынша, одан соң  Ростов-на-Дону қаласынан бас киім шебері курсын бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс істеді.

 Көрмеге шебердің моншақпен кестелеу техникасымен орындалған отыздан аса жұмысы қойылған. Мұндай картиналар өте ұзақ сақталады. Олар көздің жауын алар әдемілігімен бірге, суретті құрап тұрған атом бөлшектеріндей аса ұсақ фактураларды да түйсінуге, сезінуге  жетелейді. Мұндай кестенің беті жарыққа байланысты көз алдыңызда құбылып отырады: күндіз салқын көкшіл реңкте болса, кешкісін – шамның жасанды жарығындай жылы реңкке енеді. Ольга Оленбергтің жұмыстары кеңінен жайылған дәл осындай моншақпен кестелеу жұмыстарынан, ең алдымен, бояуы мен түсінің мұқият үйлесімділігімен ерекшеленеді.  Кестеші суретін майлы бояумен салып отырғандай  аса шебер түрлендіре біледі.  Ол орынсыз көптүстілікке қызықпайды, форматтағы түстік доминанттарды сауаттылықпен, білгірлікпен  қиюластырады. Шебердің көздің жауын алардай әдемі өрнектелген гүлдері, көбелектері, табиғат оюлары мен жыл мезгілдерінің көріністері келіп көрушілердің көңілінен шығатындығы сөзсіз.   

 Ольга Оленбергтің көптеген жұмыстары Қазақстан, Россия, Германияның жеке коллекцияларында сақтаулы. Шебер кестешінің өнеріне қызығушылық білдіргендер жылдың аяғына дейін оны Өскемендегі өнер музейінен тамашалай алады.

                                                                                                          

Айтмұхамбет Қасымов, 

ШҚ өнер музейінің қызметкері

 

 

 

 

 

 

 

5591 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper