
Super User
Астана тұрғындары мен қала қонақтары Отырардан келген көрмені тамашалай алады
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Астана қаласында «Ерліктің қайсар мекені» атты көрменің ашылу салтанатын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Алматыдағы Әбілхан Қастеев музейінде алдағы күзде Виктория мен Альберт музейінің көрмесі өтеді, деп хабарлады 24.kz сайты.
Ұлттық музей Жеңіс тақырыбына арналған екі көрменің ашылуын өткізді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери-тарихи минидиарама және «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар», «Ұлы Отан соғысының ардагерлері Х. Доспанова, М. Мәметова, Т. Бигелдинов, Ә. Нұршайықовтардың туғанына 95 жыл» атты екі көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Алтын адам» табылған «Есік» қорық-музейі археологияға қызығушыларды экспедицияға қатысуға шақырады
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен археолог Бекен Нұрмұханбетов атындағы «Бекен-Ата» қайырымдылық қоры 2017 жылғы 5 мамырдан бастап «Нұрмұханбетов ЭКСКАВЭЙШНС!» жобасының басталғанын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Е.Сағадиев: Алдағы күзден бастап кейбір пәндерді музейлерде өткіземіз
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейлерде өткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Түркістанда көрме өткізді
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында музей қорындағы құнды зергерлік коллекциядан Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығында «Сыр өңірінің зергерлік өнері» атты этнографиялық-танымдық көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей қызметкерлеріне арналған семинар өтеді
Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикалық «Музейлердің мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, зерттеу және жетілдіру ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-кеңесіне қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Д.А. Қонаев музейі «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты концерт өткізеді
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Саяси бюро мүшесі, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай Д.А. Қонаев музейі «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты концерт өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ARTSAPAR қоғамдық көркемөнер бірлестігі ұйымдастыратын Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы «Art Sapar art of Kazakh eli» көшпелі көрмесі аясында «Қобыз дала» көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ә.Қастеев музейі арнайы дөңгелек үстелді қараңғы жерде өткізетін болды
ҚР Ә. Қастеев атындағы Өнер музейінде «Аржан» қоғамдық қоры Роза Люксембург қорының Мәскеудегі филиалымен бірлесіп, «Қолжетімді музейлер» жобасын бастайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.