Анонс


Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Түркістанда көрме өткізді

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 02:53
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Түркістанда көрме өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында музей қорындағы құнды зергерлік коллекциядан Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығында «Сыр өңірінің зергерлік өнері» атты этнографиялық-танымдық көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеге ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Сыр өңірі қазақтары пайдаланған 60-қа жуық құнды зергерлік бұйымдар – кемер белдік, алқа, бойтұмар, сырға, білезік, балдақ, түйме, қапсырма, тұмарша, шолпы, шашбау, омырауша, шекелік, өңіржиек, жүзік, сақина т.б. қойылды. Көрмені қаладағы мектеп оқушылары, әжелер алқасы, жалпы Түркістан тұрғындары мен қонақтары  тамашалап, рухани әсер алып, ризашылығын білдірді.  Көрме көпшілікке Сыр өңірінің зергерлік өнері және әдет-ғұрыптары туралы ақпарат береді.

2884 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper