
Super User
Отырар қорық-музейіне шетелдіктердің жиі келе бастағаны байқалды
«ЭКСПО-2017» көрмесі ашылғалы Отырар археологиялық қорық-музейіне шетелдік туристер көптеп келуде, деп хабарлады музей әкімшілігі.
Ұлттық музейде «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ашылған «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ә. Қастеев музейінде Елена Тёның «Жаз бояулары» атты көрмесі ашылды
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Елена Тёның «Жаз бояулары» жеке көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияға 60-тан астам кескіндеме туындылары қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Түркияның Кечиорен муниципалитетінің мэрі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде қонақ болды
Түркия Республикасы Кечиорен муниципалитетінің мэрі Мустафа Ак бастаған делегация «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, баба рухына тағзым етті, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.
Семейде «Фирдоуси Абай елінде» атты мәдени іс-шара басталды
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігінің "Фирдоуси Абай елінде" мәдени шарасы ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысының Астанадағы мәдениет күндері аясында 26-30 маусым аралығында Астана қаласындағы Has Sanat галереясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет ескерткіштері» және облыстық өнер музейінің қорынан ақтөбелік суретшілердің «Ақтөбе мануфактурасы»көрмелері өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің макеті «EXPO-2017» көрмесіне ұсынылады
Абайдың мемлекеттік қорық-музейі Елордамыз – Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қонақтарына ерекше тарту әзірледі. Ол – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі кешенінің көрмелік макеті.
Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі журналистерді марапаттайтын болды
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан журналистикасы күніне арналған салтанатты қабылдау болады. Оның аясында қысқаша баспасөз конференциясы өтіп, музей қызметін белсенді түрде жариялап жүрген журналистер марапатталады, сонымен бірге мерекелік фуршет ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрайымы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде болды
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен және Аустрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.Сайллер «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мысырдың Ислам өнері музейі Астанада сұлтан Бейбарыс туралы көрмесін ашты (ФОТО)
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.