Көрмеде «Джамиль Прайз» жүлдесін иеленген 11 қылқалам шеберінің 35 туындысы қойылмақ. Ислам дәстүрі арқылы берілетін қазіргі заманғы көркемөнер мен дизайн шеберлерінің халықаралық байқауы 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы көрмеге Ауғанстан, Мали, Пуэрто-Рико, Тайланд және басқа да елдер қатысады. «Джамиль Прайз» көрмесі таяуда Стамбулда болды, қазір Оңтүстік Кореяда жүр. Одан кейін Алматыға келіп, желтоқсан айына дейін болады.
Линда Ллойд Джонс, Виктория мен Альберт музейі көрмесінің департамент директоры:
- Қазіргі таңда әлемде көптеген инновациялар бар. Сондықтан, бұл кез келген адамға өз жұмысын және бар шеберлігін көрсететін тамаша мүмкіндік. Олар байқауларға қатысып, үздік туындылар әлем музейлерінде сақталады.