
Super User
Көкшетауда музей секциясының отырысы өтті
Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақмола музейлері қызметінің негізгі бағыттары, мәселелері мен даму перспективалары» атты музей секциясының отырысы болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Өнер музейінің алғашқы директорының мерейтойына арналған көрме өтеді
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның халық суретшісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО халық суретшісі Қанафия Телжановтың туғанына 90 жыл (1927-2013) толуына арналған «Отан туралы дастан» атты суретші туындыларының мерейтойлық көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей Наурыз мерекесін түнде тойлауды жоспарлап отыр
Ұлттық музей Наурыз мерекесін тойлауды әдеттегідей күндіз емес, түнде бастауды жөн санаған. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта белгілі болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы музей мамандарын Египетте оқытуды қолға алды
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Египет Араб Республикасына жасаған сапары кезінде ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін Ежелгі Египет өнер туындыларын сыйға тарту ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кунсткамера музейі қазақтарға қатысты суреттерді жариялады (ФОТО)
Ресей Федерациясының «История Россия в фотографиях» жобасы қазақтар мен Орта Азияға қатысты фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Көне өлкедегі музей менеджменті немесе Байырғы Бат туралы не білеміз? (ФОТО)
Ұлыбританияда оқып жатқан қазақ студенттері қолымыз қалт еткенде ағылшындардың көне тарихи орындарын көруге құмармыз. Жылдың жартысынан көбі жаңбыр бүркіп, аспанынан бұлт, атырабынан тұман сейілмейтін Альбиондағы сирек шуақты күндер ондай сапарға таптырмайтын сәт.
Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері музейі қымбат картиналарын көрмеге шығарды
Шығыс Қазақстан өнер музейінде Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері музейінің коллекциясынан әкелінген кескіндеме және графика туындылары экспозициясында көрермендер назарына ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан және Кеңес Одағының басқа республикалары суретшілерінің салған негізінен арулар портреттері мен сюжеттік картиналары ұсынылған. Невзоровтар отбасы атындағы музейдің қор коллекциясы – республикадағы ең үздік жинақтың бірі және онда 4,9 мың туынды сақталуда. Біздің өнер музейі Өскеменнің тұрғындары мен қонақтарын Невзоровтар музейі коллекциясымен бұған дейін де бірнеше рет таныстырған болатын. «Материктің ортасы қандай түсте», «Төртінші өлшем», «Ленинград бағыты», «Ескі достардың жаңа кездесуі» атты көрмелері өскемендіктердің есінде.
Астана тұрғындары мен қонақтарына түркиялық көрмені тамашалау мүмкіндігі бар
Түрік халқының Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Чанаккале жеңісінің 102 жылдығына орай «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Отбасылық ноктюрн» көрмесі Алматы тұрғындары мен қонақтарын шақырады (ФОТО)
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Жиенбай Орынбаев пен оның қызы Айжан Байырованың «Отбасылық ноктюрн» кескіндеме көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі халықаралық байқау өткізеді (ЕРЕЖЕ)
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасын жас ұрпаққа насихаттау бағытында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық «Ясауитану» байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.