
Super User
Талантты суретші Қ.Қожықовты еске алуға арналған көрме ашылады
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2017 жылғы 14 шілде күні сағат 16.00-де республикамыздағы бейнелеу өнерінің қалыптасуына ат салысып, өзінің үлкен талантымен және еңбегімен үлес қосқан алғашқы ұлттық қылқалам шеберлерінің бірінің шығармашылығымен таныстыратын «Беймәлім Қожахмет Қожықов. 1910-1953» атты бірегей жеке көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Алматы тарихы музейі туралы не білеміз? (ФОТО)
Алматы музейі 2001 жылы ашылған. Бүгінде ол Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық. Музей коллекциялары 40 мыңға тарта экспонаттарды құрайды. Олардың арасында – бейнелеу өнерінің шығармалары, қазақ этнографиясының бірегей жинағы, сондай-ақ қазір Алматыда тұратын әртүрлі халық өкілдерінің этнографиясы, әр дәуірдің мәдениеті мен тұрмыстық заттарының коллекциялары, нумизматика, фотосуреттері, құжаттары бар.
«Қорқыт Ата» мемориалды музейінің археологиялық экспозициясы (ФОТО)
Қазақстандағы киелі мекендердің қатарын толықтыратын «Қорқыт ата» кешені 2014 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, кешенімен бірге музей ғимараты жаңадан салынып, толыққанды реэкспозиция жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда музей экспозициясынан Сыр өңірінің ежелгі дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толыққанды мәлімет алуға болады. Музей экспозициясынан археология, Қорқыт Ата мұралары, ұлттық музыкалық аспаптар және сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалармен таныса аласыз. Назарларыңызға музей экспозициялары туралы материалымызды ұсынамыз.
Қарағандыда Жезқазған аймағының тарихына арналған көрме ашылды
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қарағанды облысы музейлерінің апталығы» шарасының шеңберінде Жезқазған тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абайдың қорық-музейіне жыл сайын 100 мыңға жуық адам барады
«Елбасы мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын» құру қажеттілігі айтылды. Мақсат – бай мұрамызды келер ұрпақтың бойына сіңіру.
Ватикан музейіне VI ғасырдағы көне қобыздың көшірмесі табысталды
Ватикан мемлекетінің музейіне VI ғасырға жататын Алтайдағы қыпшақ қорғанынан табылған көне қобыздың көшірмесі тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Британ коллекционерлері «Қазақ рухы» атты көрмесіне шақырады
ҚР Ә. Қастеев атындағы Өнер музейінде 2017 жылғы 8 шілде күні сағ. 11.00-де британдық коллекционер, профессор Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениздің жеке коллекцияларына арналған көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эрмитаж музейі І Николайдың коллекциясын Астана қонақтарына ұсынды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырылып «Шығыс және Батыс: Ресей мемлекеттік Эрмитажының қорынан көне қару-жарақ» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Әлемге «Әдемі қыздар» картинасымен танымал болған суретшінің көрмесі ашылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бәтима Зәуірбекованың «Ұлы дала өрнектері» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қабанбай батырдың Түркістанда сақтаулы тұрған қанжары туралы не білеміз?
Түркістан қаласы - ел басына күн туған "тар жол тайғақ кешулерде" нешебір нәубеттерді; жанкешті жаугершіліктер мен жанпида жорықтарды басынан кешкен, қасиетті бабаларымыз бас қосып, келелі кеңестерде шұрқырасқан, кең керегелі, киелі қара орын. Қазақ тарихындағы хандар мен билердің, батырлар мен датқалардың, елім деп еңіреген ерлердің ішінде Түркістанға ат басын тіремей кеткені кемде-кем. Сондай есіл ерлердің бірі - қабандай күркіреп, ата жаудың апшысын қуырған Қаракерей Қабанбай батыр. "Түркістан тарихы" музейінің VІІ бөлімінде ("Түркістан - қазақ хандығы мемлекетінің астанасы") осы Қабанбай батырдың қара қанжары бар. Қанжардан бұрын, қазақтың қара баласына батыр турасында бірер дерек келтіре кеткенді жөн санадық.