Анонс
Super User

Super User

Музейдің бір міндеті – өз авторларын барынша қолдау.  Біз  – өнер әлемі мен шынайы тіршілік арасын біріктіруші-серіктеспіз. Музей қызметіндегі соңғы жылдары атқарылып жүрген жаңа бағыт - мүмкіндігі шектеулі өнер адамдарымен тиісті жұмыс атқару. Мүмкіндігі шектеулі деп аталғанымен бұл жандар да қоғамымыздың бір мүшесі,сондықтан оларды өзекке теппей, керісінше, көп болып көмектесу, барлық тұрғыдағы қолдау көрсету аса маңызды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі кадрлық өзгерістерге байланысты министрлік жанындағы Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шығыс Қазақстан  өнер музейі суретші-сәулетші Николай Васильевич Малютиннің  «№ 65 жаз» атты жеке көрмесін ашты.

  Қазіргі XXI ғасырда интернет арқылы келетін ақпараттық ағынның көмегімен халқымыздың мәдени және білімділік деңгейі жоғарылай түсті.Тәуелсіздікпен бірге қоғам өмірінің барлық жақтарына нарықтық қатынастар мен жаңа технологиялар өмірімізге енді. Бұл өркениет талаптарынан мәдениет саласы да тыс қалмады. Тарихи-мәдени құндылықтардың ордасы саналатын музейлердің сан-салалы жұмыстары арқасында елімізде музей және туризм саласына айрықша көңіл бөліне бастады. «Музей және туризм» ұғымы кеңейіп ол халықаралық мәнге ие бола түсті. Сол себепті Қазақстан музейлерінің қызметі мен сипаты, мәні мен маңызы қайта қаралып нақтылана түсті. Соның нәтижесінде  еліміздің бірқатар музейлерінің экспозициялық құрылымы, тұжырымдамасы, қызмет көрсету түрлері күрделі өзгеріске түсті.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында аймақтағы мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту мен оны ел ішінде кеңінен насихаттау мақсатындағы жоспар, жобаларды комиссия мүшелерінің алдында таныстырды, деп хабарлады Egemen.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2017 жылдың 31 мамыры күні сағат 17.00-де Индира Бобро-Бадамбаева студиясы шәкірттерінің «Әйел жаны нені қалайды?» атты көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Фараб-Отырар өркениеті» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шығыс Қазақстан өнер музейі Қазақ КСР және КСРО Суретшілер одағынының мүшесі, өмірден ерте озған суретші Марат Жүнісовтың  туғанына 70 жыл толуына арналған «Күннің ұлы» деп аталатын кескіндемелік және графикалық жұмыстарының жеке көрмесін ашып, жиналған қауымды оның шығармашылығымен таныстырды. Суретшінің туындаларымен қоса автордың фотосуреттері мен постерлері,оның жеке құжаттары да көрмеге қойылды. Сөрелерден оның  эскиздері,кескіндеме этюдтары, графикалық беттер орын алды.  Экспозицияның  негізгі бөлігі өнер музейіндегі суретшінің авторлық қорындағы коллекциядан және оның туыстарының  отбасылық коллекциясынан жасақталған. Жұмыстарының бір бөлігі көрме үшін арнайы Алматы мен Семейден әкелінді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2017 жылдың 19 мамырында сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» атты іс шарасын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper