Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Сауд Арабиясы королі Фейсал ибн Абдул Азиздің жеке коллекциясынан «Әл Фейсал: әділдік және батылдық жолы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Сауд Арабиясындағы Король Фейсал атындағы Ислам зерттеу орталығының басқарма төрағасы, ханзада Түрки әл-Фейсал әл-Сауд бастаған делегация өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбековпен кездесті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылғы 24 мамыр күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала елінің рухани астанасы» көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Алматы облысындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 2017 жылғы 19 мамыр күні сағат 16.00-ден бастап ІІІ-ші «Музей түні» шарасы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Фараб-Отырар өркениеті» атты көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР  Ә. Қастеев атындағы  Мемлекеттік өнер музейінде 2017 жылғы 18 мамыр күні сағат 16.00-ден 24.00-ге дейін  «Музейдегі түн» атты акция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Әсем әлем» өнер академиясы аясында париждік заманауи сәулетші, мүсінші әрі дизайнер Милен Гермонның «Бетоннан қалай арман құруға болады?» атты дәрісі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Израиль Елшілігінің қолдауымен израильдік суретші Зои Севердің «Израиль реңктері» көрмесі ашылады. Оған суретшінің 20 кескіндемелік туындысы қойылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.    

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында Əсет Найманбаевтың 150 жылдығына орай ҚР Мəдениет қайраткері, əнші Нұржан Жанпейісовтың «Əсет пен Дəнеш» атты лекция-концерті және «Саясында алманың» атты кітабының  тұсаукесері өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Әзербайжан Республикасында жарияланған «Ислам  ынтымақтастығы жылы» аясында өтетін «Әзербайжан – ислам әлемінің маржаны» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper