Анонс
Super User

Super User

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Наурыз мерекесіне орай әйгілі суретші, зергер Сержан Бәшіровтің «Абай жолы» – руханият жолы» этнографиялықжеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Алексей Зайончковскийдің «Идеялар ұстаханасы» (Украина) креатив студиясы бірігіп, «Музей Наурызы» мерекелік шарасының аясындағы «Сәлем, Наурыз» 3D интерактивтік көрмесін ұсынады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің этнография бөлімінің қызметкерлері Ж.Мусин атындағы қазақ педагогигалық колледжінде «Сиқырлы жіп» атты интерактивтік шеберхана ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Өнер музейі «Музей Наурызы» атты мерекелік шараның бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Түркістан түркі әлемінің астанасы» деп жариялауына және Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Алаштану және музей» республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Батыс Қазақстан облыстық тариxи - өлкетану музейінде «Ел іші - өнер кеніші» атты жобаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Атырау облыстық  тарихи-өлкетану музейі Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 15 наурыз күні сағат 10.00-16.00 арасында Еркінқала орта мектебінде, 16 наурыз күні сағат 10.00-16.00 аралығында Т.Амандосов атындағы орта мектепте халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында танымдық көрініс және этнографиялық жәдігерлерден көшпелі көрме өткізеді. Сондай-ақ, 19 наурыз күні музейге кіру тегін болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында ашылатын Бейбітшілік және келісім музейінің логотипін әзірлеуге байқау жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы аталуына орай «Түркістан және тарихи ескерткіштер» тақырыбында фото байқау жариялайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper