
Super User
Астанадағы музейлерге жаңа басшылар тағайындалды
Астанадағы музейлерге жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Бүгінгі бейнелеу өнеріміздегі рухани құндылықтар
Өткен қараша айында Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Суретші уақыт ағымында» атты Суретшілер одағының есеп беру көрмесі өтуде. Бұл іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген суретшілер қатысты. Аталып отырған көрме қылқалам шеберлерінің шығармашылық деңгейін таразылаған, бағамдаған, бүгінгі бейнелеу өнерінің бет-бұрысын айқындаған көрмелер қортындысы деп айтуға болады.
Тарих пәнін музейде оқыту идеясы жемісін берері сөзсіз
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылғы сәуірде география, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді ұсынды.
Ресейде Қазақстан тарихына қатысты экспонат табылды
Белгілі тарихшы, “Қасиетті Қазақстан” орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жасаған сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты экспонатты тапқанын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» атты халықаралық конференция өтеді
ҚР Әскери-тарихи музейі Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Алаш Орданың 100 жылдығына орай 2017 жылғы 22 желтоқсанда өтетін «Ұлы дала: әскери мұра» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «ІЗБАСАРЛАР» атты көрмесін ұсынады
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологиялық жұмыстарының нәтижесіне арналған «ІЗБАСАРЛАР» атты көрмесінің ашылуысалтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музейде «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты конференция өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Конференцияға т.ғ.д., профессор Өмірзақ Озғанбаев, белгілі ғалым-тарихшы Бүркіт Аяған, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали және Астана қаласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студент жастар қатысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Отырар қорық-музейі белгілі археологқа құрмет көрсетті
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі директорының кеңесшісі, археолог, ғалым Алдабергенов Нұртаза Орынханұлы 20-қараша күні 70 жасқа толады. Осыған орай, Отырар қорық – музейінде ҚР Мәдениет қайраткері Нұртаза Орынханұлын мерей тойымен құттықтау мақсатында арнайы дөңгелек үстел өтті.
Алматыда Ә.Қастеевті еске алуға арналған "дөңгелек үстел" ұйымдастырылады
Ә. Қастеевтің музей-үйінде Ә. Қастеев мұрасын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 27 қарашада сағат 11: 00 де «Талантқа тұғыр болған туған жер» атты дөңгелек үстел өтеді.
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде суретшілер әулетінің көрмесі өтеді
Көрме 13 шығармашылық тұлғадан тұратын бір отбасы мүшелерінің кескіндеме, графика, фотожұмыстарының 70 астам шығармаларын ұсынады. Еліміздегі белгілі суретшілер әулетіне Амандос Ақанаев жетекшілік етеді. Экспозицияға, оның жұмыстарынан бөлек Руслан, Ботагөз, Ескендір, Аспарух, Мырза-Әли Мұхит және Александра Ақанаевтар, сонымен қатар, Лаура Оразбекова, Нэлли Бубэ, Дарина Бацких, Вадим Мищенко және Рада мен Глеб Антощенко-Оленевтердің шығармалары қойылды. Осылайша, дәстүрлердің сабақтастығына куә отбасының үш ұрпағының шығармашылығы ұсынылады. Бұл ретте, Амандостың пайымдауынша, олардың әулеті – осы шақтың құбылысы ғана емес. «Ата-анам Әтібек пен Бибіхан б.з.д. III ғасырда көне мемлекет құрған үйсін халқынан шыққан. Менің анам Бибіхан тамаша халық шебері болған». Нэлли Бубенің анасы да кесте тігіп, тоқыма тоқыған шебер болған. Бұл әулеттің көркемдік қайнар көзі ғасырлар қойнауынан бастау алады. Әрбір жаңа ұрпақтан өзіндік тұлғалар шығады.