
Super User
"Музейдегі махаббат хикаясы" көпшіліктің көңілінен шықты (ВИДЕО)
Қазіргі кезде қазақтың той жасау дәстүрі заманға сай түрлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл маңызды шараға үлкендердің де, жастардың да өз дайындықтары бар.
Ықылас музейінің қорына Ақан серінің домбырасы табысталды
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында «Ақан сері домбырасы музей сахнасында» атты дәстүрлі концерт өтті.
Қолжетімді музей жобасы туралы не білеміз?
Қолжетімді музей – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді музейлік ортамен қамтамасыз етіп, олардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамның психологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатын көздейтін әлеуметтік-мәдени жоба.
Белгілі актер Азамат Сатыбалды музейлік жобаны қолға алды
Алматы музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының 1001 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Музей маусымы» жобасының салтанатты түрде ашылуы өтті.
«Есік» қорық-музейінің ұжымы белгілі археологты еске алды
Қаншама қиын өткелектен өтіп, тағдыр тиірменінде сан рет талқан бола жаздаған қазақ халқы өзі әлденеше мың рет құрып кете жаздаса да «өлі риза болмай тірі байымайды», - дегенді ешқашан да қаперден шығарған емес. Жаһандану кезеңіне аяқ басып, тұтас әлем алақандағыдай болып мәдениеттер мен дәстүрлер қойдай араласып, қозыдай жамырасып, әлеми құндылықтар ми батпақтанып жатқан қазіргі заманның өзінде де көптеген қазақ отбасы әр жұма сайын «иіс шығарып» әруақтарға құранын оқып, дұғасын бағыштауды ұмытқан жоқ. Тіпті, осылай істеуді өлілер алдындағы парызы деп білетіні де бар. Сонда қазаққа мұндай әдет қайдан келген? Әлде, ол шынымен де мұсылмандықты қабылдамай әлі де сол көне замандардағы бақсылық сарынынан шыға алмай жүрген ұлт па? Жоқ. Қазақтың әруақты яғни, ата-бабаларының рухын сонша алқауының астарында өткенін құрметтеу, тарихына тағзым жасау, бабалар дәстүріне деген адалдық, түп-тамырын ұмытпау, осылар арқылы болашағын бекемдеу жатыр.
Ұлттық музей: «Дәстүрлер сабақтастығы» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық музей коллекциясынан «Дәстүрлер сабақтастығы» атты заманауи сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына директордың міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Алматыдағы музейге отбасылық фотосуретпен тегін кіруге болады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2017 жылғы 9 қыркүйек күні сағ.15.00-де «Отбасы күніне» орайластырылған «Отбасымен музейге!» фестивалін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей Беларусь Республикасының музейімен байланысты нығайтты
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне уақытша көрмеге қою үшін этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар колекциясын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы «Ұлытау» ұлттық тарихи - мәдени және табиғи қорық – музейімен бірлесіп, «Ұлытау әлемі» атты көрменің ашылу салтанатын өткізді.