Анонс


Әлемге «Әдемі қыздар» картинасымен танымал болған суретшінің көрмесі ашылды (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 05 Шілде 2017 01:30
Әлемге «Әдемі қыздар» картинасымен танымал болған суретшінің көрмесі ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық  музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бәтима Зәуірбекованың «Ұлы дала өрнектері» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығымен 1970-жылдары басталған қазақстандық гобелен тарихының тұтас бір кезеңі тығыз байланысты. Оның туындылары әрқашанда танымал және біртума, шеберлігімен, терең сезімділігімен, тұрмысқа философиялық мән беретіндігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы мәдениетінің бастауларынан нәр алған Зәуренің жұмыстары ырғақтың өзгеше әуенімен, түстердің таңғаларлық құбылмалылығымен және ассоциациялық ойға бай болуымен көзге түседі. 

Көрменің ашылу салтанатында алғы сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бұл көрме «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылып отыр. Бәтима Зәуірбекова қазақ өнерін дүниежүзіне паш етіп жүрген танымал суретші. Әр өнер адамының шығармасы – оның ішкі әлеменің көрінісі. Рухани бай, өзіндік көзқарасы биік адамнан ғана осындай керемет туындылар тумақ. Жан-дүниесі әдемі адамның істеген еңбектері де әдемі. Дүниежүзі Бәтима Зәуірбекованы «Әдемі қыздарымен» таниды. Онда қазақ қызының образы бейнеленген. Өте шебер жасалған көркем дүние. Көрменің ашылуы құтты болсын!»

 

Автор шығармаларында қазақ бойжеткенінің ішкі дүниесін көрсететін әйел бейнесіне ерекше көңіл бөлінген. Олар ежелгі заман әуендермен үйлесім тапқан. Оюлы суреттер Ұлы даланың қайталанбас  көріністерін береді.

Көрмеге Бәтима Зәуірбекованың 60-тан астам көркем туындылары қойылды.

Бәтима Зәуірбекова Франция, Италия, Ұлыбритания, Германия және тағы басқа елдерде өткен көптеген шетелдік көрмелерге  қатысқан.

Көрменің ашылуына танымал қоғам қайраткерлері мен саяси қайраткерлер, атақты қылқалам шеберлері, Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым және жұртшылық өкілдері қатысты.

3587 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper