
Super User
Алматы облыстық музейінде «Сақ мәдениеті» көрмесі ашылды
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Есік» қорық-музейінің «Сақ мәдениеті» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
«Есік» қорық-музейі Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы экспедиция жұмыстарын жүргізді
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» және «Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті» атты қолданбалы ғылыми зерттеу жобасы аясында 2017 жылдың 26 қыркүйегі мен 02 қазаны аралығында Алматы облысы Ұйғыр ауданының үш бірдей ауылдық округінде жүргізілген археологиялық-барлау жұмыстарын жүргізді.
Н.Назарбаевтың қыркүйек айында тарихи-мәдени орындарға жасаған сапары (ФОТО)
Өткен қыркүйек айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тарихына қатысты бірқатар тарихи-мәдени орындарда болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға Елбасы арнайы сапармен барған тарихи-мәдени орындардағы кездесулерден фоторепортаж ұсынамыз.
Н.Назарбаевтың Б.Ельцинге сыйлаған домбырасы жайлы не білеміз?
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Борис Ельцинге 1991 жылғы 18 тамызда Алматыдағы кездесуде сыйға тартқан домбырасы бүгінгі күні "Ельцин центр" музейінің төрінде тұр.
Қазақстанда алғаш рет музей тақырыбына арналған телесериал түсірілді
Отандық кино тарихында алғаш рет музей тақырыбына арналған "Музейдегі тəжірибе" атты шытырман оқиғаларға толы телесериалдың түсірілім жұмыстары аяқталды, деп хабарлады kazmuseum.kz сайты.
«Мен Алматы тарихын білемін» атты қалалық конкурс өтті
Алматы қаласының тарихы музейінде «Мен Алматы тарихын білемін» атты қалалық конкурс өтті.
«Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің жаңа экспозициясы ашылды
«Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі құрылуының 100 жылдық мерейтойына орай «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің жаңа экспозициясы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ә.Қастеев музейі: «Шабыт сызықтары» көрмесі ашылады
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейініңОрталық көрме залында Алексей Уткин мен апалы-сіңлілі ГаБО-ның (Ғалия және Балқия Құсайынова) «Шабыт сызықтары» атты көрмесінің ашылуы болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей: «Корея бейнелері» фотокөрмесіне шақырамыз
Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігі 2017 жылғы 27 қыркүйекте сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Корея бейнелері» атты кореялық деректі фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
АҚШ ғалымдары Ұлттық музей мамандарымен біріккен жобаны жүзеге асыруға келісті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Назарбаев Университеті мен ҚР Ұлттық музейінің бірігіп ұйымдастыруымен «Мәдени мұраларды талқылау жөніндегі Чикаго университеті ғалымдарының Ұлттық музейге сапары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.