
Super User
ҚР Ұлттық музейі 2017 жылғы 10-12 қараша аралығында "Эрмитаж күндері" атты шарасының өтетінін жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Орталық музей ұсынады: Қараша мен желтоқсан айларына арналған анонс
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2017 жылғы қараша және желтоқсан айларында өтетін уақытша көрмелердің анонсын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Отырар қорық-музейі республикалық семинарға шақырады
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейі «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Заманауи қазақ бейнелеу өнерінде көне жартастарда, түрлі түркі таңбалары мен аңызға айналған бейнелердің қолданылуы кездейсоқ емес. 20 ғасырдың 90-шы жылдарындағы суретшілер дәл осындай өнер түрін шығармаларына арқау еткен болатын. Оның бастамасын 60 жылғы суретшілер қатары Әбдірашит Сыдыханов, Тоқболат Тоғызбаев, Салихитдин Айтбаев, Шаймардан Сариев бастаған болса, осы тенденцияны жалғастырып, ары қарай дамытқан 70-90 жылдары тағы бір бой көтерген суретшілер буыны Ерболат Төлепбай, Дулат Алиев, Амандос Ақанаев, Асқар Есдаулетов, Бақыт Бапишев, Қуат Асқаров, Бактыбек Талкамбаев және т.б.
Алматыда музей қызметкерлері халықаралық конференция өткізді (ФОТО)
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Мемориалдық музыкалық аспаптар: ғылыми-зерттеу, жинау және насихаттау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Г.Шалабаева: Баки Урманченің Қазақстанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі зор
Татарстан Республикасы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінің «Хазине»Ұлттық көркемсурет галереясында суретші Баки Урманченің туғанына 120 жыл толуына арналған «Шығармашылық кемеңгері Баки Урманче: Еуразиялық контекст» атты халықаралық конференцияда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінен музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева мен музейдің менеджмент және сыртқы байланыс орталығының жетекшісі Клара Исабаева көпшілік алдында сөз сөйледі.
Тәуелсіздікке қол жеткізіп, дүние дидары өзгерген тұста ұлы Абайдың сан-салалы өнері ұрпағының рухани азығына айналды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық код пен ұлттық әдебиет сақталмаса жаңғыру жаңғырыққа айналуы ықтимал екенін айтқан болатын. Бұл ретте рухани болмысты қайта тулатуда хәкім Абайдың орны бөлек екені шүбәсіз.
Ұлттық музейге Оңтүстік Корея президенті құттықтау хат жолдады
Ұлттық музейде кәріс ұлты өкілдерінің Қазақстанда өмір сүріп келе жатқанына 80 жыл толуы мен Қазақстан және Корея Республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай «Қазақстан Кәрістері» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музейде Еуразиялық Мәдени Альянспен (Алматы қ.) бірлесіп суретші Молдақұл Нарымбетовтың «ARUAQTIN TUSI» көрмесін ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары тізіміне Қызылорда облысы бойынша әйгілі ортағасырлық Сығанақ қаласы енді. Қала республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады.