«Делегация құрамында Францияның Алматыдағы Бас Консулы Фарбис Неве мен Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдени ынтымақтастық жөніндегі атташесі Клара Мейсен де бар.
Кездесу барысында қос тарап көрмелер өткізу және ғылыми-зерттеу жұмыстары, Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстарды орнату аясында екі музейдің тарихи-мәдени құндылықтарын зерделеу мен насихаттауға бағытталған болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.