Анонс


Орталық музейдің қайырымдылық әлеуметтік жобалары

Жұма, 13 Қыркүйек 2024 17:34
Орталық музейдің қайырымдылық әлеуметтік жобалары KAZMUSEUM.KZ -  

Соңғы уақытта тарихи-мәдени мұраны сақтауға және болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге тұрғысында ұсынуға байланысты негізгі функцияларды, өзінің әлеуметтік миссиясын орындай келе маңызды мәдени-білім беру және ашық қоғамдық институтқа айналған музейдың рөлі айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі таңда музей тарихи және көркемдік құндылығы бар музей артефактілері мен жәдігерлерін толықтырып, сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік маңызды оқиғалардың белсенді нысанына, мектеп жасына дейінгі балалардан бастап аға буын тұлғаларға дейінгі түрлі санаттағы адамдардың жылы шырайлы кездесуі мен диалогына айналды.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі өз ресурстарын – (коллекцияларын, технологияларын) аудиториямен өзара әрекеттесудің түрлі нысандары мен тәсілдерін пайдалана отырып, өскелең ұрпақ арасында еліміздің тарихи мұрасын танымал ету ісіне мол үлес қосуда. ҚР Орталық музейі өзінің тақырыптық мазмұны жағынан бірегей тарихи кезеңдер мен оқиғаларды қамти отырып, Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі тарихы мен мәдениетін көрсетеді. Музей әркімге тарихпен, археологиямен, этнографиямен жанасуға, танымдық, шығармашылық тұрғыдағы мұражай қызметіне қатысу арқылы жеке тұлға ретінде ашылуға, квест, экскурсия, көрме, фестиваль, және арт-алаңдардың, оның ішінде әлеуметтік қайырымдылық акцияларының қатысушысы болуға тең мүмкіндіктер беріледі. Әлеуметтік қайырымдылық жобалар - музейдің келушілермен өзара іс-қимылының және ел мұрасы мен мәдени дәстүрлерді дәріптеудің бір түрі, музейдің түрлі қоғамдық құрылымдармен ынтымақтастық салаларының бірі.

ҚР Орталық музейі 2003 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды (түрлі аурулармен), қаланың әлеуметтік мекемелері – балаларды оңалту орталықтарының, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін қолдау мақсатында қайырымдылық іс-шараларын өткізу дәстүрінің бастамашысы болды. 2003-2020 жж. музей балалар шығармашылығының көрмелерін, концерттерді, музей сабақтарын, экскурсияларды, аукциондарды, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулерді біріктіретін түрлі сипаттағы 60- тан астам қайырымдылық акциясын өткізді. Әрбір іс-шара қосымша акциялармен, арт-терапиямен, балаларға арналған мастер-класстармен сүйемелденеді, онда олар суретшілермен және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен бірлесіп заттарды зерттейді, өздерінің шедеврлерін жасайды, және өздерін суретші, дәстүрлі қолөнер шебері рөлінде сынап көреді. Музей қабырғасында 2000-нан астам бала болды, олар үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Әрбір акция – бұл ең алдымен тәжірибе: балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, шығармашылық жұмысты ұйымдастыру және партнерлер мен демеушілердің ынтымақтастық тәжірибесі. Музейдың дәстүрлі акциялары - Халықаралық балаларды қорғау күніне, Мүгедектер күніне, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шыршалар болып табылады, олар «Ана мен баланы қоғау «Алтын Көл» Қайырымдылық қорының есебінде тұрған балалар және «Қайырымдылық Істер Өлкесі» ҚҚ ынтымақтастықта іске асырылады. Осы санаттағы балалардың музей іс-шараларына қатысуы оларға сұранысқа ие болуға және ортақ мәдени дәстүрлерге, отандық тарихқа қатыстылығын сезінуге, сонымен қатар өздерін көрсетуге және өзінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Жыл сайын қайырымдылық іс-шаралары шеңберінде балаларға арналған тақырыптық бағдарламалар олардың жасын, қоршаған әлемді қабылдаудың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, оқиғаларды ескере отырып әзірленеді. Бағдарламалар, ең алдымен, баланың әлеуметтік бейімделуіне және олардың шығармашылық дамуына бағытталған. Музейде балаларды түрлі музыкалық стильдермен және аспаптармен, қобызды, домбыраны орындаудағы дәстүрлі бағыттармен таныстыратын концерттер өтеді. Бағдарламалар танымдық сипатқа ие, балаларды мұражай әлемімен, оның жұмысымен, ерекше коллекцияларымен таныстырады. Кішкентай балалар үшін интерактивті ойын бағдарламалары үлкен қызығушылық тудырады, онда тапқырлық танытуға, өз білімдерін көрсетуге, тарихи тақырыптағы конкурстар мен викториналарға қатысуға болады.

ҚР Орталық музейі жыл сайын Мүгедектер күніне арнап өткізетін «Бақытыма сенемін» қайырымдылық акциясы аясында сурет көрмелерінде балалар өз шығармашылықтарын толық  көрсетеді және түрлі техникалар мен жанрларда орындалған: кескіндеме, графика, ағаш ою, мүсіндеу, кестелеу, аппликациялар және т.б. өздерінің әр түрлі математикалық жұмыстарын ұсынады және бұл кемелдікке шек жоқ екенін тағы да дәлелдейді «Мүмкіндіктер – шектеулі, қабілеттер – шексіз». Емдеу мен оңалтудағы балаларға, ең алдымен, Мемлекет, білім беру институты, акцияларды ұйымдастырушылар тарапынан психологиялық, моральдық қолдау қажет екенін түсіну маңызды. Қайырымдылық іс-шаралары балалар мен аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған, сондықтан музей өмірге қажетті сыйлық өнімдерін (заттар мен азық-түлік және т.б.) ұсына отырып, балаларға көмектесуге және қолдауға дайын серіктестер мен демеушілерді ынтымақтастыққа белсенді түрде тартады. Әлеуметтік жобаларды іске асыру қаржы ресурстарының болуын талап ететіні сөзсіз.

ҚР Орталық музейі 2003 жылдан бері белгілі бір тұрақты серіктестер және демеушілер тобымен бірлесе жұмыс істеп, маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруда, олардың қатарында «Бостан», «Алатау – Құс», «ZUGO HOME TEXTILE», «Lemonadoff Food» ЖШС, «Мейірім» ОБФ, «AMIRAN», «Ақсай-Нан» компаниялары бар. Музейдің қайырымдылық дәстүрі және әлеуметтік серіктестігі – бұл әртүрлі типтегі және бейіндегі ұйымдар мен мекемелерді (музей, коммерциялық құрылымдар, еріктілер, оқу орындары), барлық адамдарды әлеуметтік миссияны орындауға, көмектесуге және игі іс жасауға талпындыратын ұйым. ҚР ОММ әлеуметтік қайырымдылық жобаларын жарнамалық көздер – әлеуметтік желілер, фейсбук, инстаграм, ютуб платформасын пайдалана отырып, онлайн-бағдарламалар арқылы ілгерілетеді. 2020 жылы орталық музей санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Медеу ауданындағы 35 мүмкіндігі шектеулі балаға арналған «Музей сенімен бірге» көшпелі қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында музей қызметкерлері мен демеушілер балаларға сыйлық жиынтықтарын (үйге барып) табыс етті. ҚР МОМ мәдени-білім беру қызметінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге арналған іс-шараларға ерекше орын беріледі. Жыл сайын біздің арамызда адамзат бастан кешкен барлық соғыстардың ең ауыры және қатыгездігі туралы айта алатын ҰОС ардагерлерінің саны азайып келеді. Қаза болғандарды еске алу қасиетті және бұл іс-шара патриотизмнің ұлы сезімін тәрбиелейді. ҰОС ардагерлерімен кездесу өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи өткенімен танысуға мүмкіндік береді, Отанға деген сүйіспеншілік пен ардагерлерге деген ризашылық пен құрмет сезімдерін тәрбиелейді. Орталық музей 2014 жылдан бастап Алматы қаласының ардагерлер кеңесінде есепте тұрған ҰОС ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларын қолдау мақсатында тағы бір әлеуметтік маңызы бар «Память в наших сердцах»/ «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» қайырымдылық жобасын іске асыруда. Аталған іс-шара аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: соғыс жылдарындағы әндерді орындайтын Қазақстанның халық әртістерінің қатысуымен концерт, тақырыптық экскурсиялар, сондай-ақ ардагерлерге сыйлықтар тапсыру.

Риясыз көмек идеясы бүгінде жаңа мағынаға ие. Бүгінгі қоғам қайраткерлері демеуші, қоғамдық қор жетекшілері, суретші, өнертанушы, мәдениеттанушы, ғалым, еріктілер ретінде түрлі әлеуметтік, шығармашылық белсенділікті танытары қуантады. Қазіргі қоғамның дамуына қозғау салу мақсатындағы мейірімділік шаралары да әлеуметтік жобалар арқылы көрініс беруде. Қайырымдылық жобаларын іске асыруда волонтерлік қозғалысты жандандыру және волонтерлердің музей саласына қатысуы, музей саласындағы волонтерлік мәртебесін нығайту да өзекті мәселе. Осы сынды іргелі қозғалыстар ынтымақтастық пен қайырымдылық шекарасын кеңейтуге де мүмкіндік бермек.

 

С.М. БАҚҚҰЛОВА, ҚР Мемлекетік орталық музейі қызметкері

 

Әдебиеттер

Барри Лорд, Гэйл Лорд. Менеджмент в музейном деле. -М., 2002 г. -256 с.

Столяров Б.А. Музей и модернизация отечественного образования // Музейная педагогика в школе. Вып.3 Спб., 2002. -228 с.

Юхневич М.Ю. Детский музей: прошлое и настоящее // Культурно-образовательная деятельность музеев, сбор, трудов. -М., 1997, -120 с.

74 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper