Анонс
Super User

Super User

ҚР Ұлттық музейінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Домбыра — қазақ халқының қағып немесе шертіп ойнайтын екі ішекті көп пернелі музыкалық аспабы. Адамның қайғы-қуанышын, ішкі жан-дүниесін, сезімін, лүпілдеп соққан жүректің қағысын, аттың шабысы мен қаңқылдап ұшқан аққудың дауысын дәл келтіретін домбырадан асқан музыкалық аспап жоқ шығар. Қазақтың жан-дүниесіне жақыны осы қасиетті домбыра. Сондықтан да халқымыз домбыраны жеті қазынамыздың бірі етіп таңдап, қастерлеп келеді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының фото-құжаттар коллекциясында сақталған қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері Мұхамеджан Қарабайұлы Қарабаевқа тиесілі бірнеше құжат көшірмелері бар. ҚҚТ-3080 нөмірлі қосымша қор санатындағы көшірмелер ҚазКСР Орталық мемлекеттік архивінен 25 қор, 2 тізбе, 57 іс, 15 бумадан алынған.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі іргесі қаланған сәттен бастап, республикамыздың мәдени стратегиясының ажырамас бөлігіне, көркемдік мұраны зерттеп, насихаттайтын маңызы зор орталыққа айналды.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Руханият» көрме залына қала тұрғыны Серік Төлеубаев арнайы келіп, музей қорына араб тілінде жазылған кітаптар жиынтығын тапсырды.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көптен күткен жаңа ғимараттың ашылуы болды. Алаштың сиезі өткен киелі жерде, Алаш арыстарына және Қазақстанның батыс өңіріне кеңінен танымал журналист, өлкетанушы Қайыржан Хасановтың құрметіне Қаратөбеде "Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейі" салтанатты түрде ашылды. Бұл ғимарат көп нысанның бірі емес, бірегейі боларына сенімдіміз. Музей боп бой көтерген бұл нысан күні кеше халық игілігіне жол артты.

«І Есік оқулары: Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділері археологиясының мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының материалдар жинағына Еуразияның ежелгі, ерте темір ғасырындағы және ортағасырлардағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін археологиялық және этноархеологиялық зерттеу, археология ғылымын дамыту тарихындағы тұлғалар рөлі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану мәселелеріне арналған баяндамалар кірді. Жинақ материалдарын тарихшылар, археологтар, музейтанушылар және басқа да осы салаларға қызығушы оқырмандар пайдалана алады.

ҚР Ұлттық музейі кескіндемені қалпына келтіру процессі кезінде кәсіби шеберлердің қолданатын арнайы әдіс-тәсілдерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Зертханада дайындалған шеберлік сағаты музей мамандары мен кескіндеме өнеріне қызығушылығы бар көпшілікке арналған. Шеберлік сағатын музейдің суретші-реставраторы Құралай Төлегенова жүргізеді. Ұзақтығы - 17 минут 23 сек.

Музей  искусств РК им. А. Кастеева при поддержке АО «Bank RBK» издал каталог «Образ Абая глазами художников Казахстана», посвященный личности и творчеству великого казахского поэта, просветителя-философа, композитора, мастера художественного слова Абая Кунанбаева. Презентация издания прошла 13 ноября в рамках выставки «Абай – мудрость народа», приуроченной к 175-летию со дня рождения поэта.

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында ашық қор экспозициясы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медиа

JoomShaper