
Super User
Опыт проведения квеста студентами КазНУ им. аль-Фараби в музее «Алматы»
Сегодня каждый человек находится в среде естественных, преобразованных и созданных им материальных предметов. Ускорившийся процесс развития и распространения знаний является одним из условий, требующих от общества сохранения подобных предметов, утрачивающих свое утилитарное значение. Эти предметы являются реальными признаками уходящей культуры, связывающие каждого из нас с нашей историей. Для сохранения, изучения и представления которых и создаются музеи вот уже на протяжении многих веков.
Музейное пространство как инструмент отражения культурных реалий современного общества
В современном мире все шире распространяется совершенно новый взгляд на то, каким должен быть успешный музей. При определенных обстоятельствах он может не просто стать популярным и посещаемым местом, но и дать толчок развитию культуры в целом.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қалыптасуы мен даму тарихынан
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің даму, құрылу тарихына тоқталсақ, архив құжаттарында ол 1929 жылдың 25 тамызында өлке тарихын таныстыратын көрме есебінде қалыптаса бастағандығы, Қазақстан өлкесін зерттеу қоғамының Ақтөбе бөлімімен осы көрмеге ерекше назар аударылғандығы және болашақ музей ірге тасының қалануына себепші болғандығы келтіріледі. Музей шағын мектеп музейі ретінде шаңырақ көтерген. Құжаттарда ол жергілікті басқару жүйесіне қарасты «Жергілікті өлкетану музейі», «Округтік өлкетану музейі» деп аталады. 1929 жыл мен 1934 жылдың шілде аралығында өлкетану музейі көлемі 6х6 шаршы метр болатын қала шетіндегі лайықталмаған ғимаратқа қоныс аударады. Өңделмеген ағаштан тұрғызылған ғимаратта қаржының тапшылығына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Ұжым бұл ғимаратта ұзақ тұрақтамай, 1934 жылы миссионерлік шіркеу мектебінің ғимаратына көшеді. Осы жылдың желтоқсан айында Ленин көшесі бойындағы бұрынғы «Торговый синдикат» конторасының орнына қоныс аударады. Музейдің пайдалы алаңы өсіп, тақырыптық экспозицияға 250 шаршы метр бөлінді.
Тарихи мұраны насихаттаудағы online экскурсияның маңызы
Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер - бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстары
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты қадамдарын ұсынған еді. Осы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы республикадағы музейлердің дамуына оң ықпал жасады. Мәдениеттің киелі ошақтары – музейлер – осы бағдарлама аясында қорларды сақтау және дамыту, насихат жұмысындағы оңтайлы шешімдерді пайдалану мен енгізу, археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру және музейлер арасындағы республикалық, халықаралық байланыстарды тереңдету бағытында көлемді жобаларды жүзеге асырып келеді. Ең бастысы, осы шараларды атқаруда ұлтымыздың болашағы – өскелең ұрпаққа атадан-балаға мирас болып сақталып келген, кейін музей қазынасына айналған экспонаттардың маңызын жете түсіндіру басшылыққа алынды.
Абай музейінің жаңа экспозициясының ашылуына Мемлекет басшысы қатысты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай музейінің жаңа экспозициясының ашылуына қатысты. Ел Президентімен бірге ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған заманауи үлгідегі музей эскпозициясымен танысты.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Рухани қазына-2020" фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей ісінің үздіктерін марапаттау салтанаты өтеді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2020» фестивалі аясында музей ісінің үздіктерін марапаттау салтанаты 2020 жылғы 7-қазанда ҚР Ұлттық музейінде өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Ұлт кемеңгері – Хакім Абай» конференциясы туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлт кемеңгері – Хакім Абай» атты ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция болып өтті.
«Атамұрадан» «Мәдени мұраға» дейін немесе Рысжан Ілиясқызы туралы үзік сыр
Рысжан Ілиясова – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Ырғыз ауданы мен Ақтөбе қаласының құрметті азаматы - өмір бойы ел үшін, ұлт үшін аянбай тер төгіп қызмет етіп келе жатыр. Музейді ұзақ жылдар бойы басқара отырып, халқымыздың тарихын тап басып танытатын құнды жәдігерлерді жинақтап, халыққа да насихаттай білді, табылған жәдігерлерді көрермендерге жеткізу үшін де өз идеясымен игі жұмыстарды қолға алды. «90 жылдардың басында қоғамдағы кереғар өзгерістер біздің санамызда да пайда болды деп айтуға болады. Өйткені біз коммунистік идеялогиямен қаруланып білім алып, тәрбиеленіп өскен адамдармыз. Өз ұлтымыздың мәдениетінен қашқақтап, көп құндылықтарымыз ұмыт болған, көп заттардың көзі жойылған. Шежірелерді, аңыздарды, әңгімелерді, өз жеріміздің тарихын көп оқымағандықтан, жалпы көрнекі мұрадан қол үзіп қалыппыз. Осы кезде біздің жаңару, сауығу, ойланудан «АТАМҰРАНЫҢ» туғаны рас. Біз өз жерімізде жатқан дүниелердің барлығын енді көріп, енді көзіміз ашылып жатқанда енді оны қалай біз халыққа жеткіземіз деген уақытта «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Атамұра» ақпараттық-танымдық хабары үлкен күш болды»,- дейді «Атамұра» хабарының авторы Рысжан Ілиясқызы.