
Super User
Кеңестік дәуірдегі Сыр өңірінің мәдениеті мен өнері: тарих пен тағылым
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалының қызметкері Нұрлан Оспанқұловтың «Кеңестік дәуірдегі Сыр өңірінің мәдениеті мен өнері: тарих пен тағылым» атты мақаласы.
Қызылорда қаласындағы мерзімді ұлттық басылымдар: тарихы мен тағылымы (1925-1939 жж)
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиал музейінің меңгерушісі К.Ахметованың «Қызылорда қаласындағы мерзімді ұлттық басылымдар: тарихы мен тағылымы (1925-1939 жж)» мақаласы.
Конференция: «Хакім Абай мұрасы және музейтану мәселелері»
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Абай музейінің 80 жылдық мерейтойына арналған 2020 жылы қараша айының 6 күні «Хакім Абай мұрасы және музейтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Хакім Абай мұрасы ХХІ ғасырда;
- Абайтану: бүгіні мен ертеңі
- Абай музейі және музейтану мәселелері;
Конференция «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне өткізіледі.
(Конференция онлайн-форматта өткізілуі мүмкін)
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2020жылдың 20 қазанға дейін жіберу қажет.
Конференция жинағы электронды PDF форматта болады.
Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар
Баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады, формат А-4, көлемі 6-7 беттен аспауы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см; сол жақ жиек – 3 см; шрифт - 14 кегль, «Тіmes New Roman» гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автор туралы мәлімет беріледі: автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.
- Баяндама тақырыбы 12 сөзден аспауы тиіс;
- Баяндама тақырыбы және аннотация негізгі мәтін алдында беріледі (қазақ, ағылшын) (орыс, ағылшын);
- Аннотациядан кейін 5 кілт сөз көрсетіледі;
- Мақала мәтіні кілт сөздер соңында екі аралықтан кейін беріледі.
Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:
Дереккөз сілтемесі төртбұрышты жақшада (мысалы: [2, 116 б.]), әдебиеттер тізімі мақала соңында әдебиеттерді қолдану реті бойынша орналастырылады. Пайдаланылған дереккөздер саны бесеуден кем болмауы тиіс. Беттерге нөмір қойылмайды.
Көрнекіліктер JPEG форматында, 300 dpi кем болмауы керек. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді. Материалдаар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар жинаққа енгізілмейді.
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ
Аты-жөні (толығымен) |
|
|
Мекеменің аты (толығымен) |
|
|
Баяндама (мақала) тақырыбы |
|
|
Қызметі (толығымен) |
|
|
Ғылыми дәрежесі |
|
|
Облыс, қала, аудан, ауыл |
|
|
Секция |
|
|
Байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефон) |
|
|
Е-mail |
|
Ескерту: өзгертулер мен толықтырулар (қажеттілік болған жағдайда) туралы қосымша хабарландырылады.
Ұйымдастыру алқасының мекен жайы:
- ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29;
Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын барлық сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар:
Елекенова Раушан Әлиханқызы Жұмыс тел.: +7 (7222) 521721 ұялы тел.: +7 7086534407 е-mail: Raushanelekenova@mail.ru |
Қазақтың қолданбалы қолөнер тарихында тас, қышқа қарағанда нашар сақталуына қарамастан қадым заманнан пошымдық ұқсастығы өзгеріссіз келген материалдық мәдениеті жәдігерлерінің бірі сырмақ екені әдебиеттерден белгілі.
«Есік» қорық-музейі конференцияға қатысуға шақырады
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі (Қазақстан, Есік қ.) 2020 жылдың 20 қарашасында Алтын адамның ашылуына – 50 жыл, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына – 10 жыл, археолог Б. Нұрмұханбетовтың туғанына – 85 жыл толуына орай «Есік оқулары» аясында «Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей саласының үздіктері анықталды - «Рухани қазына-2020»
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2020» фестивалі аясында музей ісінің үздіктерін анықтайтын байқау өтті, деп хабарлайды, kazmuseum.kz сайты.
Республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді
Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ұйымдарының ІІІ-ші республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді. Байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар қатысады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«АСЫЛ МҰРА» тарихи-тағылымдық жобасы Сыр өңірінің тарихи мұрасының бар асылын теріп келеді. Осы жолғы бағдарлама Сыр археологиясына арналды. XI-XIII ғасырларда Қыпшақ хандығының, XIV ғасырда Ақ Орданың, XV-XVII ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған ортағасырлық Сығанақ қалашығының тарихы, қалашықта жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары және археологиялық экспонаттар туралы баяндалды.
ҚР Орталық музейі ұсынады: «Самаурының қайнасын...» көрмесі
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Самаурының қайнасын...» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің самаурындар коллекциясы) атты көрменің онлайн таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңес цифрландыру мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың төрағалығымен 2020 жылғы 19-тамызда «Цифрлық дәуірдегі Қазақстан музейлері: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті.