
Super User
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын адамның» ашылуына – 50 жыл, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына – 10 жыл, археолог Б. Нұрмұханбетовтың туғанына – 85 жыл толуына орай «Есік оқулары» аясында «Алтын адам» және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Батырлық - біздің салтымыз (ғылыми экспедиция күнделігінен)
«Батырлық бізге айдаладан келген жоқ, батырлық біздің салтымыз» - дейді, батыр Мәлік Ғабдуллин қолжазбаларында. Осы салмақты, салиқалы сөзге нақтылық келтірер болсам, 1944 жылдың 26 сәуірінде Бауыржан Момышұлына жазған хатында, «Сөз сарыны мынадай ғой: Қазақ – қазақ болғалы көп ғасыр өтті. Оның барлық ерлік-батырлық салты бүгін ғана пайда болған емес. Ол ертеден келе жатыр. Кешегі батыр бабаларымыз батырлықтың үлгілерін көрсетті ғой. Ал бүгінгі қазақ жігіттері сол батыр бабаларының дәстүрін ілгері дамытуда»-деген. Бұл сөзінен аңғаратынымыз, батырлар ерлігінің тарихи дәуірі сан ғасырлар куәсі, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен ұлт қорғандары, қазақ батырлары екендіктерін баса айтқандығы.
Роза Бағланованың сахналық киімі музей төрінде
Қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы суреттеледі. Сырдың өнер қайраткерлері ұлттық киімдер арқылы қазақ халқының бай мәдениеті мен жоғары талғамын сахна биігінен көрсете білді.
«Үздік экскурсия жетекшісі – 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай, музейлердің ағартушылық жұмыстарын жандандыру, экскурсиялық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру, музей кәсібінің беделін арттыру мақсатында және музейдің 100 жылдығына арнап, «Үздік экскурсия жетекшісі – 2020» облыстық онлайн-байқауын өткізді.
Kazmuseum.kz сайтының бас редакторы Нұрсерік Жолбарыстың «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатын ұсынамыз.
В 2020 году исполняется 95 лет со дня рождения журналиста-исследователя Сейлхана Аскарова (1925-1991), заслуга которого состоит в увековечивании в памяти народа имен воинов-казахстанцев и победителей, известных в истории личностей.
Коллекция керамики Тараза глазами экскурсовода (ФОТО)
Древнейший город Казахстана – Тараз. Город, что привлекает своей 2000-летней историей туристов из разных городов и стран. Крупный торговый, политический и культурный центр средневековья. О былом могуществе Тараза говорят уникальные средневековые архитектурные сооружения, которые, к счастью, дошли до наших дней. В статье Елбасы Н.А.Назарбаева «Семь граней Великой степи» сказано: «Ключевыми посредниками важнейшей торговой магистрали древности и средневековья, обеспечивающими безупречную организацию и безопасность транспортных артерий, стали насельники Великой степи. Степной пояс соединил китайскую, индийскую, персидскую, средиземноморскую, ближневосточную и славянскую цивилизации», и Тараз был одним из важных торговых городов на Великом шелковом пути. Караваны верблюдов пересекали таласскую долину, отправляясь из Ирана и Византии в Поднебесную Империю и Восточный Туркестан. [1 C.136]
Қостөбе -Талас өңіріндегі қала мәдениетінің озық үлгісі
Ортағасырларда Талас жəне Шу өңірлерінен Жібек Жолының бір тармағы Түркі жолы өтті. Түркі жолының басты жолға айналуының себебі, ең алдымен Шу, Талас өңірінің түркі қағанаттарының ата жұртына айналып, қағандардың ордаларының осында орналасуы еді. Бүгінгі таңда түркі халықтарынан бізге жеткен тарихи ескерткіштер Талас, Шу өңірлерінде кеңінен таралған. Ашық аспан астында тұрған бұл ескерткіштер қала-қоныстар, жерлеу орындары, ғұрыптық ескерткіштер ретінде көрініс табады. Ортағасырларда бұл аймақта көптеген қалалар мен елді мекендер бой көтеріп, көркейіп, ірі мəдени ошақтар қалыптасып, қолөнер мен сауда-саттықтың дамуына мол мүмкіндіктер ашылды. Ортағасырлар кезеңінде Қазақстанда гүлденген көптеген қалалар өмір сүрді. Олардың тамаша архитектуралық үйлесімділіктері, сарайлары, мешіттері, ұлық кесенелері, медреселері, ұстаханалары, шеберханалары кімді болмасын таңқалдырмай қоймаған. Талас жəне Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен жазғы жайлаулар жайында жазба деректерде мəліметтер баршылық. Сондай-ақ Талас, Шу өңірінің түркі халықтарынан қалған ескерткіштері едəуір зерттеліп, нəтижесінде бірқатар ғылыми еңбектер де жарық көрді.
Ырғыз ауданындағы тарихи ескерткіштер (ФОТО)
Ырғыз деген атаудың «тарихтың атасы» Геродоттың жазбаларында кездесуі - бұл өлкенің шежіресі тым әріден басталатындығын айғақтайды. Халық аңыздарына арқау болған Мәні әулие, Сұңқарқия, Қосбүйрек шыңдары, миллион жыл бұрын метеорит құлаған Жаманшың кратерінің бауырына жасырған құпиялары да аз емес. Дүйсенбі мен Исатай мешіттері, Тақтакөпір, Жаныс пен Алмат мазарлары шеберлердің қолымен жасалған көнермес жәдігерлер. Сынын алдырса да, сырын алдырмаған осынау даламыздың тарихи ескерткіштерін сақтап қалу - біздің парызымыз. Ырғыз ауданы территориясында ХІХ ғ. аяғында ХХ ғ. ғ. жататын 40 шақты мешіт бар. Осы күнге дейін жақсы сақталған Дүйсенбі ахуын, Исатай мешіттері қазақ сәулет өнері тарихында алар орны зор. Территориямыздағы маңызды қорымдар мен тарихи ескерткіштерге тоқталсақ.
Республикалық конференция: «Музей - рухани білім беру алаңы»
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 2020 жылғы 24 қарашада «Музей - рухани білім беру алаңы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді.