
Super User
Әзербайжанның Нахычеван қаласында қабылданған 2009 жылдың 3 қазанындағы келісімге сәйкес тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркі академиясы құрылғаны белгілі. Көп кешікпей, яғни 2011 жылдың соңында Академия жанынан Түркі тарихының музейі ашылған болатын.
ҚР Ұлттық музейіндегі Қазақ Хандығы дәуіріне арналған экспозиция (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейі Қазақ Хандығы дәуіріне жататын сирек кездесетін түрлі жәдігерлерді тамашалауға шақырады. Жәдігерлердің көбін этнографиялық сипаттағы экспонаттар құрайды. Назарларыңызға Қазақ Хандығы дәуіріне жататын экпозициядан фоторепортаж ұсынамыз.
Бауырлас Түркия мемлекеті өзінің таңғажайып табиғаты, ғасырлар тереңінен бастау алатын тарихымен туристерді еріксіз қызықтырады. Табиғаты мен тарихын үйлестіре білген мемлекеттің тарихи орындарына күніне мыңдаған туристер келеді. Туристердің әдетте табан тірейтін жерлері – Айя София музейі, Сұлтанахмет мешіті, Қыз мұнарасы, Галата мұнарасы тәрізді тарихи орындар. KAZMUSEUM.KZ сайты алдағы уақытта Стамбулдың осындай тарихи орындарынан оқырман қауым назарына арнайы фоторепортаж беруді бастап отыр. Алғашқы саяхатымыз Айя София музейінен басталады.
Шымкенттегі «Бейнелеу өнері» музейінде ерекше көрме өтуде. Онда мультфильм кейіпкерлері 3D үлгісінде бейнеленген. Көрмені балалармен бірге ересектер де қызыға тамашалап, суретке түсуде. Қабырға мен едендегі суреттер көзге жай сурет болып көрінгенімен, фото немесе бейнеге түскенде оларға жан бітеді.
Тайландтың Art in Paradise музейі жайлы не білеміз? (ФОТО)
Туристер үшін табиғатымен танымал Тайланд алдағы уақытта өзінің заманауи музейлерімен де қызықтыра алатын болады. Музей ісін қолға алған мемлекеттің бұл саладағы жетістіктері де жоқ емес. Тайландқа саяхаттап барған блогер Динара Болатқызы мемлекеттік музейге арнайы барып, өзінің көргендерін оқырмандармен бөліскенді жөн санапты.
Облыстық сот музейінде Жауынгерлік Данқ залы ашылды
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына тарту ретінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Ә. Әбдіқановтың басшылығымен аталған сот музейінде Ұлы Отан соғысына қатысқан судьялар құрметіне Жауынгерлік Даңқ залы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. Аталған рәсімге облыс соттарының судьялары, сот қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Н.Назарбаев пен Р.Ердоған «Әзірет Сұлтан» қорық музейіне барды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Ердоған Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Атырау облыстық тарихи-өлкентану музейінде Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына және Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің 75 жылдығына орай «ХАКІМ АБАЙ ҰЛАҒАТЫ» атты көрме ашылды.
Қазақ жерінде алғашқылардың бірі болып ашылған музейге Абай да өз үлесін қосты. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай мұрасы» атты ғылыми конференцияда ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай айтты.
Қызылорда облысында ҰОС ардагерінің құрметіне музей ашылды
Ұлы Отан соғысының ардагері Әлжан Жалғасбаевтың құрметіне туған жері Қызылорда облысы, Сырдария ауданының орталығы Тасбөгеттегі №11 мектепте музей ашылды.