
Super User
Қазақ Хандығының тарихына арналған 1465.kz атты мультимедиалық сайт ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі жоба жетекшісі Аршат Оразға сілтеме жасап.
Чикаго музейі қайырымдылық шарасына қатысуды сұрайды
Чикагоның атақты табиғат музейі тұрғындардан көмек сұрап, өздерінің сайты арқылы ақша аударуды сұрады, деп жазады mychicagonews.com порталы.
Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды
Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды. Құнды жәдігерлерді Алатау ауданындағы «Көк қайнар» шағынауданында қазба жұмыстары кезінде Алматы тарихы музейінің экспедициясы анықтады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Өзбекстанның мемлекеттік музейі Әмір Темірдің дүниеге келген күнін атап өтуде
Ташкенттегі мемлекеттік музейде Әмір Темірдің туғанына 679 жылдығына орай ресми шаралар басталды. Бұл туралы trt.net.tr сайты хабарлады.
Облыс әкімі анасының домбырасын музейге сыйға тартты
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұxамбетов облыстық өлкетану музейіндегі Өңір мәдениеті мен әдебиетінің экспозициялық залының ашылуы кезінде марқұм анасы Әсима Ізмұхамбетованың домбырасын табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінен хабарлады.
Ресейдің «Музей» журналы кезекті нөмірін Қазақстан музейлеріне арнады
Ресейдің «Музей» ғылыми-тәжірибелік журналы кезекті нөмірін Қазақстан музейлеріне арнады, деп хабарлайды BNews.kz
Петропавлда Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай музей ашылды
Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде музей ашылды. Онда Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы туралы материалдар жиналған. Музейдің ерекшелігі - ішінде оқыту кабинетінің де бар болуында. Бұл туралы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алмат Мәкішев айтып берді.
Әлемнің ең әйгілі музейлерінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталуда
XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнап жасалған алты шырағданның екеуі бүінгі күні Лувр және Эрмитаж музейлерінде сақтаулы. Ал, дәл осындай шамдардың төртеуі Қазақстан музейлерінде сақталып, қазіргі уақытта Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінде халыққа ұсынылды.
Елбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық музейін тамашалады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Атырауда көрме ашылды
Атырау тарихи-өлкетану музейінде қазақ халқы тарихындағы Бөкей ханның рөлін баяндайтын көрме ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.