
Super User
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі 6 мамыр күні сағат 17.00-де Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде ашылатын «Ортақ Жеңіс» атты фотокөрмесіне шақырады. Көрмеге Қазақстан музейлері мен мұрағаттарынан алынған деректер және АҚШ-тың Ф.Рузвельт атындағы Кітапхана мен Музейінен алынған фотосуреттер қойылады. Бұл туралы kazmuseum.kz тілшісіне АҚШ-тың Алматы қаласындағы консулдығынан хабарлады.
ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» мюзиклі қойылды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өтті.Шара «Жас ұлан» республикалық мектебі оқушыларының ардагерлерге құрмет көрсетуімен басталып, әрі қарай Астана қаласы № 17 мектеп-гимназиясының оқушыларының «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» мюзикліне ұласты, деп жазады baq.kz тілшісі.
ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі барысында «Жеңіс ізбасарлары» атты көрме ашылды, деп жазады baq.kz тілшісі.
Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музейде жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлының «Ұмыт қалған батырлар» («Забытые герои») атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Өскемен өнер музейі Жеңіс мерекесіне альбом дайындады
Шығыс Қазақстан өнер музейінің ұжымы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Борис Французов. Графика» атты альбомын жарыққа шығарды. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.
Берлин музейі заңсыз жолмен келген жәдігерді қайтарды
Берлин музейінің қорында сақтаулы тұрған Ирак мемлекетінің антикалық дәуірдегі жәдігері Бағдатқа қайтарылатын болды. Бұл жәдігерді 1980 жылдары белгісіз біреулер Германияға сыйлық ретінде жіберген, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.
«Қазақ археологиясындағы Әбдіманап Оразбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Алматыдағы Орталық музейде өткен VII Әбдіманап Оразбаев оқулары аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің археология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ұлан Үмітқалиевтың «Қазақ археологиясындағы Әбдіманап Оразбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесері өтті.
Бүгін Алматыда VII Әбдіманап Оразбаев оқулары аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің археологиялық қоры «Қазақстан қола дәуірінде» (б.з.д. XVIII-IX ғғ.) атты көрмені көрмені ұсынды.
С.Жолдасбайұлы: Қазақ хандығының тарихын зерттеуге археология ғылымы мол үлес қосты
Алматыда VII Әбдіманап Оразбаев оқулары өтті. Жыл сайын белгілі археология мен этнология саласы мамандарының басын қосатын дәстүрлі шара биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музейтану кафедрасы бірге ұйымдастырылды.
Абай музейі мерейтойлық сайыс өткізді
Абайдың мемлекеттік қорық-музейі «Абайды оқы, таңырқа...» атты V аймақтық білім сайысын өткізді. Сайысқа қала және қала маңындағы және облыстық мектеп оқушылары қатысты. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.