Анонс


«Хакім Абай ұлағаты» атты көрме ашылды

Жұма, 17 Сәуір 2015 13:50
«Хакім Абай ұлағаты» атты көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облыстық тарихи-өлкентану музейінде  Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына және Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің 75 жылдығына орай «ХАКІМ АБАЙ ҰЛАҒАТЫ» атты көрме ашылды. 

Көрменің басты мақсаты - ұлы тұлға, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметі және Абай ұрпақтары, ақын шәкірттерінің мұрасын Атырау жұртшылығына таныстыру, насихаттау. 
Көрмеде Абай тапсырған заттар, сонымен қатар көрермен назарына ең алғаш ұсынылатын заттар мен құнды да қызықты деректер ұсынылды. 

2354 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper