Анонс
Super User

Super User

     Мәскеу қаласындағы Ұлы Отан соғысының Орталық музейінде «Біз нацизммен бірге күрестік» атты халықаралық жоба аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музейтану кафедрасымен бірлесіп, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл орай  «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: өткені, бүгіні және келешегі» атты «VII Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.

Астана қаласындағы «Назарбаев орталығы» мекемесінің бұрынғы ғимараты музейге айналады. Әлеуметтік желілерде тараған бұл  ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы (1941-1945)» жаңа экспозициялық залының ашылуы өтеді. Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасынан хабарлады.

Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық музейінің ашылғанына 30 жыл толды.

Өскемен қаласындағы «Рекламный Дайджест» баспасынан Шығыс Қазақстан өнер музейі қор коллекциясының каталогы басылып шықты. Осы өнер ордасының іргетасының қаланғанына ширек ғасыр толуына арналып шығарылған бұл каталогта музейде  сақтаулы тұрған 221 суретшінің кескіндемелік туындылары қамтылған.

Республикалық спорт колледжінде  елге танымал балуандарға арналған музей ашылды. 44 жыл тарихы бар қара шаңырақтан түлеп шыққан сайыпқырандар   әлемдік аренада ел намысын  абыроймен қорғап, көк туымыз көкте талай желбіреген, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Музей көне ескерткіштер мен жәдігерлер мұқият сақталатын немесе келушілерге таныстырылатын ерекше нысан ғана емес. Музей уақытқа бағынбайтын, алмасып жатқан ұрпақтар жалғастығын үзілдірмейтін алтын арқау. Өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғастырар мәңгілік көпір. Өркениетті елдердің бәрінде дерлік ұлттық музейлер ұлттық мақтаныш, рухани орда болып саналатыны белгілі. Тәуелсіз Қазақстан да соңғы жылдары музейлерге ерекше назар аударып, экспонаттар қорын ұлғайту, жәдігерліктерді сақтау мәселесіне шындап кірісе бастағаны көңіл қуантады. Өткен жұма күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің шаңырағына арнайы атбасын тіреп, үш сағаттан астам аралады. Осынау жайт еліміздегі әрбір азаматқа, ел ісіне араласатын атқамінерлерге үлгі болса, игі. Ал одан сәл бұрынырақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мырза "Түркістан" газетінің тілшісімен сұхбатында еліміздегі бірегей музейдің атқарып отырған істері ғана емес, Қазақстандағы музей ісіне қатысты өз ойларын ортаға салған болатын.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Медиа

JoomShaper