Анонс


Түркістан музейінде башқұрт жерінде ислам дінін таратқан тұлғаны еске алды

Сәрсенбі, 17 Тамыз 2016 01:54
Түркістан музейінде башқұрт жерінде ислам дінін таратқан тұлғаны еске алды KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне Башқұртстан Республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан әлуметтік туризм бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар қауымы келді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.  

Мүгедектер қауымы музей аумағына Башқұртстан елінен әкелінген ерекше ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл шараның мақсаты- Башкортостан елінің рухани дамуына өзіндік үлес қосқан Хусейн-бектің рухына алғыс білдіріп, еске алу. Хусейн-бек баба XIV ғ. басында ежелгі Яссы қаласында дүниеге келген. Ясауи  жолын ұстанған  Хусейн-бек XIV ғ. басында башқұрт жерлеріне ислам дінін тарату үшін жіберілген. Башқұрт елінде алғашқы имам атанған Хусейн-бек XIV ғ.  соңында қайтыс болып, Чишмы ауылында, Акзират көлінің маңында жерленген. Басына кесене тұрғызылған.   

Айтулы шараға жетекшілік еткендер Башқұртстан Республикасының спорт министрлігі, Ресей спорт мүгедектерінің одағы, Спорттық туризм федерациясы.

«Уфа қаласының селекционерлері шығарған ерекше сорттағы бұл ағаштарды Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы тұрғындары атынан Қазақстан Республикасы «Әзірет Сұлтан» қорық музейіне сыйға берілді» деген арнайы тақтайша орнатылды.  

2793 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper