«Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінде 1933 жылы тіркелген бас сүйек сақталған. Бас сүйектің құжатында:
«Череп <…> казака Кейки, уроженца Кайдаульской вол., Тургайского у., казненного в советский период. От <///> в 1926 г.» деп жазылған.
Бас сүйек ешқашан көрмелерге, экспозицияларға қойылмай, тек музей қорында сақталған.
Сондай-ақ, музей Кенесары ханның бас сүйегіне қатысты ешқандай мәлімет жоқ екенін хабарлайды. Белгілі бір деңгейдегі құжаттардың болмауына байланысты Кенесары ханның бас сүйегіне қатысты деректер Кунсткамерада жоқ екенін мәлімдейді.
Қазақстан тарапына музей жинақтарын беру музей әкімшілігінің құзыретіне кірмейді. Бұл мәселені Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі шешеді.
Қазіргі уақытта Кунсткамераның қорында Қазақстанның этнографиясына қатысты бірнеше музей жинағы сақталған. Жинақтарды музей мамандарды зерттеп жүр. Соңғы кездері қазақстандық мамандармен бұл істе бірігіп жұмыс істеудеміз», - делінген мәлімдемеде.
Айта өтейік, осыған дейін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесуде Кейкі батыр мен Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару туралы мәселені көтерген болатын.