Аталмыш іс шара тұрғындар арасында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі мен «жасыл экономиканы» дәріптеу мақсатында мемлекеттік емес ұйымдарды жұмылдыру арқылы іс шараларды ұйымдастыру жобасы аясында өткізіледі.
Дөңгелек үстел Астана қаласының ішкі саясат басқармасының қаржылай қолдауы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, «EXPO&WOMEN» Халықаралық ұйымының ресми қолдауымен «Қазақстан әйелдері Қауымдастығы» ҚҰ болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы қолданбалы өнер мен халықтық қолөнердің дамуы, қолөнермен айналысатын әйелдерді ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмылдыру жолдары талқыланады. Сонымен қатар, еліміздегі белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада қатысушыларға семинар тренинг өткізеді және еліміздегі қолөнершілердің қатысуымен көрме ұйымдастырылады.
Іс шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутат Айсина М.А., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасының орынбасары Сүлейменова Л.Ж., ҚР Паралмен мәжілісінің IV, V шақырылмадрының депутаты Соловьева А.С., ҚР БҰҰ Даму бағдарламасының тиімді басқару және аймақтық даму департаментінің жобалар үйлестірушісі Қоянбаева Малика, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ коммерциялау департаменті директорының орынбасары Уразаков И.Е., бизнес өкілдері, қолөнершілер және БАҚ қатысады. Дөңгелек үстел модераторлары «EXPO&WOMEN» Халықаралық ұйымының төралқа төрайымы Рақымбекова С.Т., «Қазақстан әйелдері Қауымдастығы» ҚҰ Президенті Баимбетова Г.А.
Өткізілетін іс шара тұрғындар арасында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі мен «жасыл экономиканы» дәріптеу мақсатында мемлекеттік емес ұйымдарды жұмылдыру арқылы іс шараларды ұйымдастыру жобасының бастамасы ретінде өткізіледі.