Анонс


Астанада жаңадан ашылатын музейдің логотипін жасауға байқау жарияланды

Дүйсенбі, 13 Наурыз 2017 02:28
Астанада жаңадан ашылатын музейдің логотипін жасауға байқау жарияланды KAZMUSEUM.KZ -  

Астана қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында ашылатын Бейбітшілік және келісім музейінің логотипін әзірлеуге байқау жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Байқауға дизайнерлер, архитекторлар және суретшілер қатыса алады.

Логотип ерекше, заманауи, көрнекі, әсіресе «Бейбітшілік» және «Келісім» сөздерімен байланыстырылуы қажет. Логотип – қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі үш нұсқада орындалуы қажет.

Бейбітшілік және келісім музейі логотипінің нұсқасын 2017 жылдың 20 наурызына дейін astana.mpr@gmail.com электрондық поштасына жібере аласыз. Хатта Т.А.Ә., тұратын қала және байланыс телефондары көрсетілуі керек.

Сайысқа мынадай әзірлемелер қабылданбайды:
- 2017 жылдың 20 наурызынан кейін жіберілгендер;
- сайыстың негізгі талаптарына сай емес әзірлемелер;
- қызметтік этикаға сәйкес келмейтін әзірлемелер.

31 наурыз күні Бейбітшілік және келісім музейі ресми түрде бекітілген логотип нұсқасын, сонымен қатар сайыс жеңімпазын жариялайды.

Айта кететіні, музей коммерциялық емес мақсатта сайысқа жіберілген кез келген әзірлемелерді көрсетуге құқықты. Сайыс соңында Бейбітшілік және келісім музейі логотипын пайдалану негізінде әзірлеген жеңімпаз-автормен келісім жасайды», - делінген хабарламада. 

2394 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper