Мерекелік апта бойы музейге ұлттық киім киіп келген келушілерге тұрақты экспозицияларға кіру тегін.
Шараның бағдарламасы
21 наурыз (сейсенбі) – «Музей Наурызы» мерекелік апталығының ашылуы.
11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.
11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.
12.00-17.00 – музейдің барлық қонақтары ұжымдық киіз басуға қатыса алады. Біздің халықтық шеберлердің жетекшілігімен музейге келушілердің жасаған ұлттық текеметі музей экспозициясының сәніне айналады.
14.00-18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.
16.00 – музыкалық және би нөмірлері бар концерттік бағдарлама. «Наурыз сәні» авторлық ұлттық және стильдендірілген киімдердің көрмесінің ашылуы, модельдер дефилесі.
11.00-19.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.
11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квестіне қатыса алады. Квест – кейіпкер (музейге келуші) танымдық тапсырмаларды орындауға талпынып, жоспарланған сюжеттен өтетін ойынның сәнге айналған жаңа түрі. «Қазақ даласының тарихы» квесінде Қазақстан суретшілерінің кескіндемелік туындылары негізінде қазақ халқының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тақырыбына бірнеше тапсырма жасырылады.
22 наурыз (сәрсенбі), 23 наурыз (бейсенбі), 24 наурыз (жұма)
11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.
11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.
11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия.
14.00-18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.
11.00–19.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.
11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квестіне қатыса алады.
25 наурыз (сенбі), 26 наурыз (жексенбі)
11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.
11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.
11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия.
14.00-18.00 – ыстықтай киіз басу техникасында бұйымдар жасаудан және қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.
11.00-18.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.
11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квесіне қатыса алады.