Анонс


Ақмола облыстық музейі студенттерге арнап шеберлік дәрісін өткізді

Жұма, 17 Наурыз 2017 01:47
Ақмола облыстық музейі студенттерге арнап шеберлік дәрісін өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің этнография бөлімінің қызметкерлері Ж.Мусин атындағы қазақ педагогигалық колледжінде «Сиқырлы жіп» атты интерактивтік шеберхана ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көкшетау қаласының  сәндік-қолданбалы өнер шебері Кенжебай Смағұл  теру техникасымен таныстырды. Музей мен колледж бірігіп өткізген іс-шарада ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттаумен бірге жастарға халқымыздың қолөнерінің ерекшелігін көрсетіп, қызығушылық тудыру көзделді. Шара аясында музей қорынан алынған тақыр кілемдер, алашалар, терме алашалар, басқұрлар, гобелендер және тағы басқа тоқыма бұйымдарынан, тоқу құралдарынан көрме де ұйымдастырылып, экскурсия өткізілді. 

2576 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper