
Super User
БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаланған суретшіні еске алуға арналған көрме ашылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың «Өнер Заманның Энергиясы» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музейде «Ирандық миниатюра мен каллиграмма» атты көрменің тұсаукесері өтті (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің «Ирандық миниатюра мен каллиграмма» атты көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті. Көрме ағымдағы жылдың 8-18 ақпан аралығында Ирандағы Ислам революциясының 38 жылдығын мерекелеуге арналған мәдени шаралар аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Отырар қорық-музейіне музейдің негізін қалаған ғалымның атын беруді ұсынды
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне музейді алған рет ұйымдастырған тұлға Асантай Әлімовтің есімін беру туралы мәселе көтерілді. Бұл туралы музейдің facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
АФИША: Қазақ қару-жарағының тарихына арналған көрме
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі танымал суретшілер Данияр және Асылгүл Байдаралиндердің отбасылық көркемөнер көрмесін ашады. Көрме аясында Д.Байдаралиннің «Садақшылық – искусство изготовления и стрельбы из казахских конных луков» кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей тарихи-өлкетану музейі үтіктер көрмесін ұйымдастырды
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шоқ үтіктен тоқ үтікке дейін» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Семей мен Өскеменде жаңа музейлер ашу туралы ұсыныстар айтылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов Қазақстан Жазушылар одағы, Суретшілер одағы, Композиторлар одағы сияқты шығармашылық ұйымдардың аймақтағы бөлімшелері өкілдерінің, сондай-ақ музейлер мен архивтер, кітапханалар, театрлар, филармония және өнер колледждері сияқты мәдениет және өнер саласы өкілдерінің басын қосып, Шығыс Қазақстан өнер музейінің Үлкен залында келелі жиын өткізді.
Астанада жаңадан салынатын музейлердің атаулары белгілі болды
Астана қаласын туризм орталығына айналдыру мақсатында қалада жаңадан музейлер салу көзделген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев Астананы дамыту туралы кеңестің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
ШҚО өнер музейі ұсынады: Яна Нартованың «Бар» атты жеке көрмесі
Шығыс Қазақстан өнер музейі өскемендік жас дизайнер және суретші Яна Нартованың «Бар» деп аталатын жеке көрмесін ашты. Экспозицияда - кескіндеме, графика, фотография, поп-арт стиліндегі киімдер. Бұл көрме мамыр айының он сегізінші жұлдызына дейін жұмыс істейді.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Жібек жолы» ауылдық округінің әкімі Н.Сагиндиковтың ұйымдастыруымен Түркістан аумағындағы ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру-түсіндіру жұмыстары бойынша «Жібек жолы» ауылдық округінде кездесу болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік пен Еңбек даңқы» бөлімінде «Кеңес одағының батырларына – 100 жыл» атты тақырыптық кеш өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.