Анонс
Super User

Super User

Биыл Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл толады. Әсет ақын ұлы Абай Құнанбайұлының ақындық-өнер айналысындағы талантты да дарынды шәкірттерінің бірі болса да, әншілігімен, өнерімен, болмысы және мінез-құлқымен басқалардан ерекше тұрған дара тұлға.

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Сергей Зоровтың «Сағым» атты жеке көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға суретшінің майлы бояу техникасында орындалған 90-ға жуық жұмысы қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде  жас суретші Қабылбек Аршынның «?» атты жеке көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі 2017 жылғы наурыз айына жоспарланған бұқаралық шараларының жоспарын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

21 ақпан күні музейлер мен туристік мекемелер Экскурсия жетекшілерінің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл күнді экскурсия жетекшілерінің халықаралық федерациясы 1990 жылдан бастап ресми түрде бекіткен болатын. Қазіргі уақытта елімізде экскурсия жетекшісі мамандарына сұраныс жоғары әрі олардың қызметі ерекше бағаланады. Осы атаулы күнге орай, kazmuseum.kz сайты Қазақстандағы үздік экскурсия жетекшілерінің тізімін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін, инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Атырау облысының Құрметті азаматы Е.Тасқынбаевтың 85 жасқа толуына орай «Еңбегімен еленген тұлға» атты көрменің ашылу рәсімі мен кездесу кеші өтті.

Музей – құнды жәдігерлерді сақтау және қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке танытуды қамтамасыз ететін мәдени орын. Еліміздегі музейлер тек мәдени мұраны сақтап қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық өмірге, білім беру ісіне де белсенді түрде араласып жатқаны баршамызға мәлім. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының музейлері әлемдегі музейлерден жабдықтау мен оны пайдалану жағынан тәжірибе алып қатарда дамып келеді. Жалпы дүние жүзінде дамыған елдердің барлығында музей ісіне ерекше көңіл бөлінетіндігін байқауға болады. Себебі, бір қаланың өзінде онға жуық музейлер туристтерге сапалы қызмет көрсетіп жатады.

Халықаралық «EXPO-2017» көрмесі қарсаңында Ұлттық музейдің қызметі бұрынғыдан да жандана түсті. Музейде өтетін халықаралық деңгейдегі көрмелер мен шараларға дайындық қазіргі уақытта барыншы жүргізіліп жатыр. Осыған орай, Ұлттық музейде өтетін шаралар туралы  ҚР Ұлттық музейінің ғылыми-әдістемелік қызметінің басшысы Сая Болатханқызынан сұрастырған едік.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз» атты республикалық ғылыми конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper