KAZMUSEUM.KZ -
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне тегін кіру мүмкіндігі ұйымдастырылады
Сәрсенбі, 15 Наурыз 2017 02:28![Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне тегін кіру мүмкіндігі ұйымдастырылады](/media/k2/items/cache/db37724a1e79e40f446eb56812b3313c_L.jpg)
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 15 наурыз күні сағат 10.00-16.00 арасында Еркінқала орта мектебінде, 16 наурыз күні сағат 10.00-16.00 аралығында Т.Амандосов атындағы орта мектепте халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында танымдық көрініс және этнографиялық жәдігерлерден көшпелі көрме өткізеді. Сондай-ақ, 19 наурыз күні музейге кіру тегін болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.