Шетелдік қонақтардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы К.Муттонен, Түркия елінің Кечиорен мунициполитетінің губернаторы А.К.Мустафа сияқты лауазымды тұлғалар да болған.
Соңғы күндері Голландия, Венгрия, Франция, Бельгия және Папуа Жаңа Гвинея, Австрия елдерінен де туристер тарихи орындарда болып, келгендеріне өкінбейтіндігін, ерекше әсер алғандықтарын айтып, өз ризашылықтарын білдірген.
Ал, Отырар қорық-музейінің қызметкерлері қонақтарға экскурсияны бірнеше тілде жүргізіп, өздерінің жан-жақты екендіктерін де көрсетіп үлгерген.