Анонс


Ә. Қастеев музейінде Елена Тёның «Жаз бояулары» атты көрмесі ашылды

Жұма, 23 Маусым 2017 03:01
Ә. Қастеев музейінде Елена Тёның «Жаз бояулары» атты көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Елена Тёның «Жаз бояулары» жеке көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияға 60-тан астам кескіндеме туындылары қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Елена Тё 1973 жылы Алматыда дүниеге келді. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетін тәмамдады. П.М. Криушин, Ю.Я. Плотников, Н.Л. Стариченко, Е.П. Зальцмандардан дәріс алды. Кескіндемемен 1988 жылдан бері айналысуда. 1991 жылдан республикалық және шетелдік көрмелерге қатысып келеді. Жұмыстары көптеген елдердің коллекцияларында сақтаулы.

Еленаның кескіндемесі – ешкімге ұқсамайтын дара әлем. Суретшінің ашық мөлдір түсте салынған пейзаждары біреулердің есіне артта қалған сағынышты күндерін түсірсе, енді біреулер бала кезінен таныс көшелер мен саябақтарда ойша қыдырып жүргендей болады.  Шебер орындалған натюрморттары колористік шешімнің көркемдігі мен талғамға толы. Суретші «Жаз бояулары» көрмесінде көрермендердің назарын Елена өзі негізінде өте сәнді сапа мен сыпайы талғам беретін ақ және пастель тондарын шебер үйлестіре отырып, нәзік реңктерді пайдаланған гүл натюрморттарына аударады

Көрме 2017 жылғы 11 шілдеге дейін өтеді

 

Алтынжан Қожамұратова,

көрме жетекшісі

2547 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper