Анонс
Super User

Super User

Маңғыстау облысының әкімдігі 2018 жылдың 29-31 мамырында  дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Серікболтану оқулары аясында «Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас»  тақырыбына халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде 2018 жылғы 17 ақпан күні сағат 14.00-16.00 аралығында  «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясында өнертанушы әрі журналист, «Вечерний Алматы» газетінің мәдениет саласы жөніндегі шолушысы Юрий Каштелюк өнертану және журналистика факультеттерінің студенттеріне, жаңадан қосылған журналистерге және барлық келем деушілерге арнап «Өнер жайында жазудың өзі өнер» тақырыбында тренинг өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Сан ғасырлық оқиғаға толы тарих қойнауына көз жүгіртсек  батыр апаларымыз бен ер жүрек қыздарымыз аз болмаған. Сол асыл аналарымыз Мұхтар Омарханұлы айтқандай «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен»-деген болатын. Соның бір жарқын дәлелі. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кемеңгер әжесі Айғаным ханша.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 жылдғы  ақпан және наурыз айында өтетін уақытша көрмелердің анонсын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

"Астана" арнасындағы "Біздің уақыт" сараптамалық бағдарламасы бір тақырыбын музей саласының проблемаларына арнады. 

Оқырмандар назарына “Қазақстан” ұлттық арнасындағы “Парасат майданы” бағдарламасының “Музейлер мансабы” атты тақырыптағы шығарылымын ұсынамыз.

Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен Түркия астанасыАнкарада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан музейлерінің қызметкерлері «Музей саласындағы жаңа технологиялар: «Музей реставрациясы, қор сақтау және музей туризмі» атты халықаралық тағылымдамаға қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының еліміздің рухани дамуы жолында алар орны ерекше. Мақаладағы басым бағыттардың бірі өлкетану мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша республиканың бүкіл аймағында тиісті шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда шалғайдағы ауылдар да шет қалмақ емес. Кішігірім ауылдар да да өлкетану бағытында үлкен шаралар ұйымдастырылып жатыр. Оған дәлел – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі жанынан құрылған өлкетану бағытындағы музейде атқарылып жатқан шаруалар. Музейдің тыныс тіршілігімен танысу үшін музейді құруға мұрындық болған, аталмыш мектеп директоры Бибімариям Қарсақбаева ханыммен сұхбаттасқан болатынбыз. 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2017 жылғы 27 желтоқсан күні, сағат 16.00-де ҚР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрменің ашылуы және көркемсуретті альбомының таныстырылымы болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Роза Рымбаева қымбат қызыл көйлегін музейге тапсырды, деп хабарлады КТК арнасы.

Медиа

JoomShaper