Анонс


Ұлттық музей Беларусь Республикасының музейімен байланысты нығайтты Таңдаулы

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 11:21
Ұлттық музей Беларусь Республикасының музейімен байланысты нығайтты KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне уақытша көрмеге қою үшін этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар колекциясын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.     

Іс-шара Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кочанова Натальяның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ұйымдастырылып отыр.

 Ашылу салтанаты барысында алғашқы болып сөз алған Кочанова Наталья:

«Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінен этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар коллекциясын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тапсыру мен үшін үлкен қуаныш. Бұл коллекциядағы негізгі бұйым ретінде мен ұлттық әйел киімін айта аламын. Өйткені, киімді, әсіресе, әйел киімін – кез-келген ұлттың тұрмысы мен салт-дәстүрінің айнасы деуге болады. Бүгінгі біз сыйға тартып отырған коллекция музейге келушілерге Беларусь елінің мәдениетін толық ашып береді деген сенімдемін!» - деп сөзін түйіндеді.

Беларуссияның халықтық шығармашылығының жалпы көрінісінде сүлгілер көне заманнан бері белгілі және ерекше орын алады. Олар әрдайым тұрмыстық қолданыс мақсатында ғана емес, сонымен бірге тұрғын үйлер мен икондарды безендіруде, сондай-ақ үйлену, жерлеу рәсіміне және басқа рәсімдерде кеңінен қолданылған.

Беларусь Республикасынан сыйға тартылатын қолөнер туындылары Ұлттық музейдің «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы және көпұлтты Қазақстан» залының, беларусь халқына арналған бөлігіне қойылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Беларусь мемлекеті музейлері арасындағы байланыс белсенді түрде дамып келеді.

2017 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Лиссабоннан Минск арқылы, Мәскеу, Астанадан Владивостокқа дейін» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл жоба Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Сондай-ақ, Ұлттық музейде 2016 жылы беларусь елінің фотосуретшісі Марина Батюкованың «Сула. Үздіксіз» көрмесі сәтті өткен болатын.

12829 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper