Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің заманауи мәселелері» атты семинар өтті, деп хабарлайды  kazmuseum.kz сайты.

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы жәрдемдестік қауымдастығы «Елдестірмек елшіден» атты дипломатиялық фотокөрмесін ашты. Фотокөрме ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай 2019 жылғы 18-19 желтоқсан күндері  «Қазақстан музейлері: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Суретші Болат Исин туындыларындағы жазушылар шығармашылығы» көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Абай музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2019 жылғы 5 желтоқсан күні, сағат 16.00-де Қазақстан акварелінің шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.   

Осы уақытқа дейін назарларыңызға Зейнолла Шүкіровтің эпистолярлық мұрасы туралы екі мақала жариялаған болатынбыз. Назарларыңызға үшінші санын ұсынамыз.  

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай 2019 жылғы 29 қарашада 18:00-24:00 аралығында «Ұлы дала мұрасы» музейлер шеруі өтеді. Музей кешіне келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Осы уақытқа дейін Зейнолла Шүкіровтің эпистолярлық мұрасын туралы жариялаған болатынбыз. Аталған тақырыптың жалғасы ретінде жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың біздің кейіпкерімізге жазған хатын ұсынамыз.

Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданына қарасты Ортақкөл ауылында 1924 жылы дүниеге келіп, 1987 жылы дүниеден өткен белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың З.Шүкіровке 1973 жылы жазған хаты:

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2019 жылғы 1 желтоқсан күні Отырар қалажұрты маңынан салынған «Сапар орталығының» ашылу салтанатын және «Отырар қалажұрты - Қазақстанда археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және пайдалану ісінің озық үлгісі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи қорық музейінде «Таңбалы» петроглифтері бейнеленген отандық өндірушілер тарапынан жасалған  кәдесыйлар мен  естелік бұйымдар сатылымға енді.

Медиа

JoomShaper