Анонс


Ұлттық музей сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеу мәселелерін қайта қарастырады

Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2019 15:57
Ұлттық музей сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеу мәселелерін қайта қарастырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің заманауи мәселелері» атты семинар өтті, деп хабарлайды  kazmuseum.kz сайты.

Семинар барысында археологиялық зерттеулер негізінде өлкелердегі сақ мәдениеттерінің шығу тегі, ескерткіштердің ерте типтері және олардың архаикалық ерекшеліктері, мәдениеттердің өзара алыс-жақындығы анықтау мәселелері қаралды. Осыған орай сақ мәдениеті бойынша зерттеу жұмыстарын заманауи әдістер негізінде қайта қарастыру туралы мәселелер қозғалды.  

Семинарға т.ғ.к., археолог-ғалым А.З. Бейсенов, Мемлекеттік Эрмитаждың Шығыс Еуропа және Сібір археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері т.ғ.к., металл зерттеуші технолог-маман Е.А. Шаблавина, ҚР Ұлттық музейі «Халық қазанасы» ҒЗИ башысы т.ғ.к., А. Оңғар қатысты.

Шара барысында археология саласы бойынша жүйелі зерттеулер негізінде баяндамалар жасалды. Сонымен қатар т.ғ.к., археолог-ғалым А.З. Бейсенов Орталық Қазақстан өңірінен тапқан Ерте темір дәуіріне тән жүзден астам құнды жәдігерді Ұлттық музей қорына тапсырды.

2151 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper