Анонс
Super User

Super User

Ортағасырлардағы балалар әлемі, яғни өмірі мен олардың қызығушылықтары ғылыми еңбектерде көп айтыла бермейді. Сол уақыттағы ойындар мен ойыншықтар туралы мәліметті көркемсурет миниатюралар мен археологиялық жәдігерлерден ғана көре аламыз. Оғыздардың астанасы болған Жанкент шаһарынан табылған ойыншық-ат қазіргі таңдағы балалар педагогикасы мен психологиясы, қолөнершілер үшін де таптырмайтын олжа болып отыр. Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, дәстүр жайлы танымы қалыптасады.

Соңғы кезде еліміздің кейбір өңірлерінде пайда болған музей саласындағы «реформадан» Маңғыстау облысы да сырт қалмады. Осыған орай республикалық «Егемен Қазақстан» газеті 2019 жылғы 1 тамыздағы 146 (29645) санында «Үш алыпты бір орталыққа  сыйғызу дұрыс па?» атты мақала жариялады. Мақала авторы Гүлайым Шынтемірқызының жазуына сүйенсек, тек Маңғыстаудың ғана емес, республиканың мақтанышына айналған музейдің «тағдыры» бұлыңғыр. Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жағдайын бейжай қарай алмағандықтан, автордың мақаласын газетке сілтеме бере отырып сайтымызда жариялағанды жөн санадық.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім музейін жабуды ұсынып, көпшілік талқысына салу үшін электронды үкімет порталына ақпарат жариялады деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

 Алматы музейінде «Жас археологтар» мектебі» жобасы басталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК-нің ұйымдастыруымен «Азаттық рухы – Алтын адам» атты әдеби-тарихи республикалық байқауы өткізіледі, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мектеп оқушылары арасында «Болашақ экспонат» жобасын ұйымдастыруды қолға алды.

Қазақ қоғамында ықылым заманнан бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі болып саналып келген. Бұған дәлел ХХІ ғасырға қадам басса да қазақтар әлі күнге дейін өзінің шығу тегін, жеті атасы мен үлкен шежіресін білуді өздеріне міндет санауы. Ал салыстырар болсаңыз, қазіргі таңда бізден әлдеқайда экономикалық тұрғыда озып кеткен әлемнің дамыған елдерінде өз жеті атасын ақсүйектің ұрпақтары білуі мүмкін, бірақ, қарапайым тектен шыққандардың басым бөлігі оны білуді өздеріне маңызды деп те санамайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Ұлттық музейінің басшылығы ауысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бүгінгі музейтануда қалыптасқан ғылыми тұжырымдарға сүйенсек, атқаратын қоғамдық функцияларына қарай әлеуметтік институт ретінде музей – мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтауға, музейлік заттар арқылы мәліметтерді жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.

Медиа

JoomShaper