
Super User
А.Иманов музейі «Уақытпен үндескен өңір» жинағын жарыққа шығарды
Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы А.Иманов музейіне 50 жыл толуына орай шығарылған «Уақытпен үндескен өңір» атты жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Атырау облыстық музейі күміс коллекциямен толықты (ФОТО)
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 2019 жылғы ізденістер нәтижесінде қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен толықты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды
Президент тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаудың С.Қондыбай музейі мифтік кейіпкерлерді таныстырды
Маңғыстау облысының Шетпе кентіндегі Серікбол Қондыбайдың мемориалдық музейінде «Тарбия» сән үйімен бірлесе отырып, музей ұжымы мифтік кейіпкерлердің таныстырылымын өткізді.
Қазақстан суретшілерінің проблемалары Көркемдік кеңесте қаралды
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бейнелеу өнері, қолданбалы өнер, сәулет пен дизайн бойынша Көркемдік кеңесінің отырысы өтті.
«Жаһандану заманындағы негізі тренд – интерактивті музей»
Қазіргі заманғы музейді мультимедиялық интерактивті технологияларды пайдаланбай елестету мүмкін емес. Жаңа технологиялар музейді қызықты, есте қаларлық етуге мүмкіндік береді. Мақалада музей саласында жаңа технологияларды қалай қолдану керектігі туралы ой-пікір айтылады.
Мұқағали Мақатаевтың Зейнолла Шүкіровке хаты
Хат жанры – ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының ең көнесі және мәдени, тарихи мәні зор жазба тілдің ежелгі формасының бірі. Шартарапты шарлаған жиһангез-саяхатшылар, ел билеушілері, ғұлама ғалымдардың арасында жазылған хаттардан тарихи деректерді білуге болатыны бесенеден белгілі. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны түсінікті жайт. Әлемге әйгілі тұлғалардың таңбаға түсірген хаттары – олардың ғұмыр жолын танып-білуге тұтқа болатын нақты құжат. Бірге туып біте қайнасқан адамдар, жора-жолдастар арасында жазылған хаттар – бастарынан өткен жеке оқиғалардан хабар беретін құнды мұра. Осындай шынайы хаттарда әрбір жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін нәзік сырларды білдіретінін, сол уақыттағы көңіл-күй мен көзқарасын сипаттайтынын да ұғыну қиын емес. Демек, хат дегеніміз – жазылған уақытындағы тұтас бір қоғамның психологиясын, танымын, талғамын ойлау жүйесін ашық жайып салатын өте құнды дүние. Мәселен, хатқа түсірілген тұлғаның ойы, жан-сыры ешбір шығармаларында, мақалаларында, сұхбаттарында айтылмауы мүмкін. Ал хатта күйініші, сүйініші, өкініші, өмір мен саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады.
Абай музейінің ұлт руханиятындағы орны
Ұлт мәдениетін, сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген Абай, оның Шәкәрім бастаған дарынды шәкірттері шығармалары, ұлылықтың ізін жалғаған Мұхтар Әуезовтің есімі мен бай мұрасы – қазақ халқының асыл қазынасы. Үш алыптың өлмес мұрасын, туыстық-өнер айналасын 80 жылға жуық кеңінен насихаттап келе жатқан Абай қорық-музейі еліміздің рухани орталығына айналып, қазақ мәдениетінің өркендеуіне зор үлесін қосуда.
Музей педагогикасын дамыту: өзекті мәселелері және оны шешудің жолдары
Музей – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өткен мен бүгінді жалғап отырған ғылыми-мәдени, рухани мекемелердің бірі. Музей жәдігерлері – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары. Олар халықтың ұзақ ғасырлар бойындағы тірлік-тынысының айқын көрінісі, салт-дәстүрлердің жарқын іздері. Музей педагогикасы мәдени, ғылыми, ағарту салалары бойынша музейдің потенциалын, методологиясын іске асырушы қызметін атқарады. Ендеше, әлемдік мәдениетте адамзаттың ыждаһаттылықпен жинақтап, қастерлеп сақтаған құндылықтарын жастарға насихаттай отырып, тарихи білім беру үшін тарихи-мәдени кеңістік – музейге алып келу керек. Өйткені, музей белгілі бір тұлғаны қоғамнан тыс мәдениет әлеміне кіргізіп, биігіне шығарады. Бүгінде біздің ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан оқу-білім жүйесіне музейлердің қосар үлесі зор.
Абайдың қорық-музейі республикалық музейлік шеруге қатысты (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында ұлылардың ізі қалған киелі Семейдегі қасиетті қара шаңырақ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» тақырыбында Музей түні өтті.