
Super User
Ғани Мұратбаевтың қоғамдағы орны мен тұлғалық рөлі және ұрпақтар сабақтастығы
Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, Коммунистік Жастар Интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, «Жас Алаш» газетінің тұңғыш редакторы, ағартушы-демократ, қоғам қайраткері – Ғани Мұратбаев өзі өмір сүрген уақыттың көшіне ілесе білген озық ойлы, намыс-жігерлі, қарапайым тұлғасымен, іскерлігімен соңына өшпейтін із қалдырған шығыстың жарық жұлдызы. Жалпы қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға белсене араласқан Ғани Мұратбаев ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ояну мен жаңғыру идеяларына бой ұрған, ұлт мүддесін ойлап, өзінің халқына қалтқысыз қызметі арқылы халқын ағартушылыққа шақырған қайраткер ретінде танылған тұлға. Ғани Мұратбаевтың ар-ождан, рухани қасиеттерді санаға сіңіріп, жеке адамды қалыптастыру арқылы мемлекетті нығайту, өркениетті деңгейге көтеру идеяларының мазмұны мен мағынасы бүгінгі күні де өзінің мәнін жоймай келеді.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты конференция өтеді
Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің қауымдастығы 2019 жылғы 16-17 қазанда, сағат 11:00-де «Тарих және тұлға» көрмесі мен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музейдегі эпистолярлық мұра: Қоңыратбаевтың Шүкіровке хаты
Хат – ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанр. Хат мәтіні – мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр. «Эпистолярия» грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан. Қазақ Кеңес энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография (грекше «жолдау», «үндеу») – хат түрінде жазылған сан алуан шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады. Музей қорында жинақталып, сақталған хаттарды зерттеп, назарларыңызға Сыр елінің белгілі ақын-жазушысы З.Шүкіровке қазақ әдебиетінің заңғар алыптарының жазған хаттарын рет-ретімен ұсынып отырмыз.
Музей қызметкерлерінің жалақысы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
Алмаз НҰРАЗХАН: Ұлттық музейдің алғашқы белесі табысты болды
Орта Азиядағы ең үлкен, көлемі жағынан әлемде алғашқы қатардан көрінетін ҚР Ұлттық музейінің құрылғанына биыл 5 жыл толды. Беделі мен мазмұны жағынан күн сайын толысып келе жатқан музейдің аз уақыттың ішінде атқарған айтарлықтай ісі бар. Мерейлі датаға орай таяуда ғана Ұлттық музей директорының орынбасары болып тағайындалған Алмас Нұразхан мырзамен сұхбаттасқан едік.
Ұлытау өңірінің ескерткіштері — Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Ұлытау тарихи өлкесінің шеңберінде орналасқан, тас дәуірінен бастап бертінгі қазақ заманына дейінгі аралықты тұтас қамтитын ескерткіштердің аса үлкен тобы. Қарағанды облысының Ұлытау ауданының негізгі аумағын алып жатқан өлкенің тарихи тұрғыдағы шартты шекараларын Ж.Смайылов былай ұсынды:
«Қазақмыс» - Ұлы Даладағы ежелгі металлургияның мұрагері
Сарыарқаның сауыры, Ұлытаудың баурайы тұнып жатқан қазына байлығымен адамзат баласына ерте дәуірден мәшһүр болған. Зерттеуші ғалымдардың еңбегіне зер салсақ, адамдар қола дәуірінің өзінде осы өңірден миллион тоннадай мыс кенін өндірген көрінеді. Ал, өңірдегі алғашқы өндірістік мыс кәсіпшілігін 1847 жылы орыс көпесі Н. Ушаков ашқан. Олай болса, үстіміздегі жылы Жезқазған кен орындарының игерілгеніне 170 жыл толады. Сонымен қатар, мыс алыбы — «Қазақмыстың» құрылғанына 20 жылдан асты. «Жезқазғантүстімет» АҚ акционерлік жалпы жиналысының шешіміне сәйкес 1997 жылдың 11 тамызында ежелгі комбинат «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Жаңа атаудың да өз сыры бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан желкен керген корпорацияны «Қазақмыс» деп атау туралы ұсыныс білдіріпті.
Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.
Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы.