Анонс
Super User

Super User

Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны. Металды балқытып, одан бұйым жасауды ата-бабаларымыз осыдан сан мың ғасыр бұрын меңгерген. Оны археологтар ғылыми тұрғыда дәлелдеп келеді, қаншама құнды жәдігер табылды. «Бұл біздің жеріміздегі дала өркениетінің технологиялық тұрғыда қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді», – деді Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Қазақстан – қазір де қара және түсті металлургияның қайнар көзі. Кәсіпорындар жыл сайын миллиондаған тонна өнім өндіріп, ел қазынасын еселеп отыр. Археологтардың айтуынша, ұлы даладағы ежелгі металлургия Ұлытау жерінде дамыған. Киелі өлкедегі Талдысай қонысы – соның дәлелі. Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, түрлі бұйымдар жасапты. Осыдан бірер жыл бұрын мұнда ғалымдарымыз шахталық тәсілмен жұмыс істейтін жерасты пештерін тапқан болатын. Тарихшылар «Ұлы жібек жолынан» бұрын «Мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау жерінен өткенін айтады.

Мысты өңірдің алып тұлғасы

Бөлім:  Тұлға
Сейсенбі, 03 Шілде 2018 00:00

Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы (1912-1980) - тау-кен инженері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. Қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Сөмке ауылында (қазіргі Ұлытау кеңшары) дүниеге келген.

Музей саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында айтылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Әдеттегідей жұмыста отырған сәтім еді. Түстен кейінгі уақыт болатын. Қызметкерлер отыратын бөлмеге Ғанибай Үйі керуен сарайының ішінен хат тауып алып едім – деп бейтаныс жігіт кірді. Кіріңіз, - деп бізде қызығушылық таныта кеттік. Өзін таныстырды, аты-жөні - Ерлан Төстікбайұлы Төлеуов, 1988 жылы туған, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Қазреставрация» мекемесінің Қызылорда филиалының реставраторы болып қызмет жасайды. Қазіргі уақытта Қазалы қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіш Ғанибай Үйі керуен сарайының ішкі бөлмесінен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезінде табылған хатты музейге өткізгім келген – деп, қолыма берді. Хатты алғаш болып реставратор Ерлан өзі ашқан екен. Кәдімгідей желімделгеніне дейін сақталған - деп таңырқай айтты. Негізі көне, әрі құнды және бағалы бір зат қолыңа тисе өзгеше бір сезімде қаларың сөзсіз.

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде Хакім Абайдың туған күніне орай "Қолжазбалар сыр шерткенде..." тақырыбымен көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты..

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде "КСРО жылдар белесінен. Үлкен елдің кішкене бұйымдары" көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аңдатпа: Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі – ұлт ұстазының мұрасы, шығармашылық ғұмырбаяны, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлік жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1988 жылы Алаш арысының аяулы есімін ресми ақтағаннан кейін 1993 жылдың 18 ақпандағы қала әкімінің №78 шешімімен Космонавтар көшесіне ғұлама есімі берілді. Осы жылдың 9-қыркүйегінде «Қазақтың халық ағартушысы А.Байтұрсынұлының музей-үйін ұйымдастыру туралы» Алматы қаласының әкімі З.Нұрқаділовтың №360 шешімімен құрылған.

Алматы қаласындағы Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы бүгінгі таңда шежірелі шаһарымыздың тұрғындары мен қонақтары жиі баратын мәдени орындардың біріне айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ашылған Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының басты мақсаты қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің өкілдерін, олардың көркем туындыларын зерттеу және оларды заманауи 3D технологиялармен жабдықталған музей экспозициясы арқылы халыққа, шетел азаматтарына насихаттау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Музейдегі түн» акциясы Ақмола облысының музейлерінде ай сайын өткізіледі. Бурабай тарихи-өлкетану музейінде 10 тамыздан бастау алып, «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ барлық филиалдарында жалғасын табады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper