Анонс
Super User

Super User

Қызылорда облысы, Тереңөзек (Сырдария) ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, 1983 жылы дүниеден өткен белгілі ақын-жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың Зейнолла Шүкіровке жазған хаты:   

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ғимаратының іргетасы 1979 жылғы 9 қазанда қаланып, 1982 жылы толық пайдалануға берілді. Міне, содан бастап мәдени-ағарту және Қазақстанда алғаш рет археологиялық тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесі ретінде жұмыс істеп келеді. ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 11 мамырдағы шешімімен ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және археологиялық ескерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылды.

Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының алғашқы видео-лекциясын ұсынамыз.

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі 2020 жылғы 29 сәуір мен 3 маусым аралығында kazmuseum.kz сайтында музей мамандары үшін online тәртіпте біліктілік арттыру курсын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бозоқ тарихи-мәдени музей-қорығы балалар мен жастар республикалық байқау жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz қоры. Назарларыңызға аталған байқаудың ережесін ұсынамыз.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының фото-құжаттар топтамасында сақталған сирек кездесетін фотосуреттердің ішінде бірнеше данамен шығарылған ерекше фотосурет бар. Фотосуретте 1968 жылғы 8 шілде күні КСРО астанасы Мәскеу қаласына бағыт алып ұшқан Үндістан Республикасының сол жылдардағы президенті Закир Хусейннің Ақтөбе әуежайына келіп қонуы бейнеленген. 

Отырар археологиялық қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Гүлназ Ысқақ көпшілік үшін «Музейдің бала тәрбиесіндегі орны» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музейдегі қор сақтау жұмысы (ВИДЕО)

Бөлім:  Қор cақтау
Сейсенбі, 21 Сәуір 2020 00:16

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің қызметкері Бейбітгүл Абирова музей мамандары үшін online тәртіпте «Музейдегі қор сақтау жұмысы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Киіз басу өнері (ВИДЕО)

Бөлім:  Қор cақтау
Сейсенбі, 21 Сәуір 2020 00:12

Ә. Қастеев атындағы Өнер музейінің аға ғылыми қызметкері, өнертану магистрі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Жуваниязова киіз басу өнеріне қатысты көпшілікке арналған дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин ресейлік мамандандардың ұйымдастыруымен өткен "Технология және өнер: болашақтың музейі" атты виртуал саммитте "ҚР Ұлттық музейі: заманауи музей, сандық технология және виртуалды ақиқат" атты баяндама жасады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper