Анонс
Super User

Super User

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің  арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі  ғана емес, береке мен бірліктің, ізгілік пен татулықтың мерекесі.

Бүгін Қазақстан музейлерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға арналған онлайн дәріс өтеді, деп хабарлайды, kazmuseum.kz сайты.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – рухани қазына» атты көшпелі көрме ашылды. Көрмеге Семей қаласы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және мемориалдық қорық-музейі қорынан Абай тапсырған асатаяқ, Абайдың ері, ағаштан жасалған еттабақ, кісе белдік, сыбызғы, кіршомбал сияқты заттай жәдігерлер, Абай оқыған медресе кітаптары мен ақын Абайдың алғашқы өлең жинақтары да көрмеден өз орындарын алды. Сонымен қатар Абайдың өмір сүрген кезеңі мен сол замандағы тарихи тұлғалар, шежіресі мен одан тараған ұрпақ туралы деректер жазылған тақталар да көпшілік назарына ұсынылды.

Отырар қалажұртының орнынан Бұхар ханы Абдолла ІІ-нің тұсында соғылған күміс теңгелер табылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті «Qogam TV» телеарнасымен бірлесіп, «АСЫЛ МҰРА» тарихи-тағылымдық жобасының кезекті бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Оқырмандарымыздың назарына виртуал экскурсия жасауға немесе бейнелекция тыңдауға болатын отандық музейлердің тізімін ұсынамыз.

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі 2020 жылғы  17 наурыздан бастап, онлайн тәртіпте жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті «Qogam TV» телеарнасымен бірлесіп, «АСЫЛ МҰРА» тарихи-тағылымдық жобаны қолға алды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өткен мен бүгінді жалғап отырған ғылыми-мәдени, рухани мекемелердің бірі. Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары. Музейлік заттар, яғни құндылықтар белгілі бір оқиғалар мен тұлғалар жөнінде ақпарат беретін дереккөз ретінде экскурсантқа эмоционалды түрде әсер ете алады, өткен шаққа, қолөнершінің әлеміне ойша кіру арқылы сол оқиғаға, кезеңге қатыстылығын сезіне алады. Дәл осы әдіспен бала жүрегіне көпір салып, дұрыс өмірлік бағыт алуына, өмірдің мәңгілік құндылықтарын түсіне білуіне көмектесуге болады. Музей педагогикасының мақсаты да осы. Оқу орны беретін тәрбиенің жалғастырушысы, заттай көрнекіліктермен толықтырушы мәдени-ғылыми ошақтардың бірі – музей. Музей экспонаттары көмегімен тарихи кезеңдерді толық зерттеп, заттай деректермен көрсетіп, әр экспонатты сөйлету арқылы білім мен тәрбиені егіз беру музей педагогикасы болып табылады.

Музей мекемелерінің штат кестесі қандай болуы керектігіне байланысты сұрақтардың жиі болуына орай ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл бұйрық мәдениет саласын толық қамтитын (көлемді) болғандықтан музей мекемелеріне қатысты бөлігі берілген.

Медиа

JoomShaper